Жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама

Төменгі лауазым болып табылмайтын, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарламасы

(барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсты өткізбестен)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
           E-G-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамшылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғарыдан кейінгі  білім болған жағдайда  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
  - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
          Мемлекеттік әкімшілік  қызметшілердің  лауазымдық жалақысы:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-G-3

    90944

      122342

«Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» ММ (101500, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы,  Абай көшесі, 27; анықтама үшін телефоны: 8(71035)2-14-51,  электрондық пошта: buralhina_a.d@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының  бос орынына  орналасуға конкурс жариялайды:
           1. «Ұлытау ауданы Ұлытау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы ( Е-G-3- санаты, 1 бірлік,  №04-1-3):
Функционалдық міндеттері: Бекітілген ережелерге сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізеді.Түскен қаражаттың, тауар, материалдық құндылықтардың және негізгі құралдардың есебін жүргізеді, сонымен қатар олардың қозғалысы бойынша операциялардың бухгалтерлік есепте көрсетілуін қамтамасыз етеді.Мемлекеттік бюджетке, әлеуметтік салықтар мен әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемдерді есептеп, олардың уақытылы төленуін қамтамасыз етеді. Алғашқы құжаттар және бухгалтерлік жазулар негізінде нақты бухгалтерлік есепті әзірлейді. Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді. Бюджеттік өтінімдер, оларға түсініктеме жазбаларды әзірлейді. Қаржы-шаурашылық есеп, негізгі қорларды, материалдарды, ЖЖМ, қаржыны, шығыстар сметасының орындалуы , баланс, бухгалтерлік және статистикалық есептер жүргізеді.Бюджеттік өтінімдерді, түсініктеме жазбаларды және бюджеттік бағдарламалардың төлқұжатын әзірлейді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
        Білімі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі  «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда    орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “қызмет көрсету, экономика және басқару” мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін,  «Қазақстан– 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі. 
          Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен бекітілген нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
       1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
      2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Мемлекеттік қызметшіге және азаматтарға мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде (егер ол өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаса) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан  аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап             7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» ММ  құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде «Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» ММ электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттың ішінде кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне  қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы  құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар  және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар «Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» ММ-де әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың жәнесаяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті  органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Нысан

                                                                         ___________________
Мемлекеттік мекеме

 

Өтініш
Мені________________________________________________________
____________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс
телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
________            ____________________________________
(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

                                                                                                                            Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»


_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда)/
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменің орналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 
     

 

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

Вернуться к списку

Ауа райы

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 384.97
  • Евро 427.12
  • Рубль 6.04

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com