Ұлытау ауданы бойынша 2015 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылған жұмыстары

Ұлытау ауданы бойынша  2015 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының Реестрінде бекітілген қызмет көрсетілсе оның 45 бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді.  Оның ішінде ХҚКО арқылы 15 қызмет түрі көрсеттіледі.

2015 жылдың қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғаларға 80457 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 2045 қызмет ХҚКО арқылы көрсетілді.

2014 жылмен салыстырғанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 20пайызға өсті, электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 13 пайызға артты.

Мемлекеттік қызмет көрсетуде сұранысқа ие қызметтер білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында көп сұранысқа ие. Оның ішінде «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» 227 қызмет көрсетілді, «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»  438 қызмет көрсетілді, «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» 220 қызмет көрсетілді, «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» 927 қызмет көрсету.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында аудан әкімінің №69 өкіміне сәйкес ішкі бақылау тобы құрылып аудан мекемелерінде 2 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар аталған мерзімде қызмет көрсетуге түскен өтініштердің мерзімі бұзылған жоқ, қызмет алушылардан қызмет көрсету сапасына арыз, шағым түскен жоқ.

Ұлытау ауданында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтерге халықтың қол жетімділігің қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі аппаратының ресми сайтында көрсетілетін қызметтердің түрі және саны көрсетілген. Ұлытау өңірі газетіне тұрақты түрде электронды үкімет порталы арқылы алынатын мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат беріліп тұрады.

Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсетуші бөлімдерге ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп тұрады. Ішкі бақылауды жүргізудегі мақсат аудан әкімі аппаратына ай сайын берілетін статистикалық ақпараттың дұрыстығын тексеру және ХҚКО арқылы көрсетілетің мемлекеттік қызметтердің мерзімінің бұзылмауын қадағалау. Ішкі бақылау тобы ай сайын көрсетілетін қызметтерге карточкалардын толтырылуы және есепке алу журналдарының болуын қамтамасыз ету мақсатында тексерістер жүргізіп отырады.

Мемлекеттік қызметті алушы жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету стандарттарынның негізгі регламенттерін түсіндіру уақытылы жүргізіліп отырады. Аудан бойынша барлық бөлімдермен село, кент әкімдерінің аппараттарында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарымен регламенттеріне  сапасына шағым жасау реті  Ұлытау ауданы әкімі аппаратының  ресми сайтында орналастырылған. www.ulytau-akimat.kz

 

Дата cоздания: 15 Қазан 2015 11:43 Дата редактирования: 15 Қазан 2015 11:43

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 387.14
  • Евро 428.18
  • Рубль 6.06

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com