«Экспорт – 2020» Бағдарламасына естелік

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Экспорт – 2020» бағдарламасын іске асыру, отандық өңделген өнімді, қызметтерді сыртқы нарықтарға шығарумен байланысты шығындарды өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қолдау отандық өнімді, қызметтерді сыртқы нарықтарға шығарумен байланысты шығындардың 50% өтеу жолымен көрсетіледі.

«Экспорт – 2020» Бағдарламасының операторы «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі»  АҚ болып табылады.

I.      ЭКСПОРТЕР ЛЕРДІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ немесе экспортерлер шығындарын өтеу

Экспортерлерді қаржылық қолдау сыртқы нарықтарға отандық өнімді шығару кезіндегі экспортерлердің шығындарын 50 % өтеу жолымен көрсетіледі.

 

ӨТЕУГЕ ТИЕСІЛІ ШЫҒЫНДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ:

1.    Тауарлық белгілерді тіркеу және өнімді сертификаттау

2.    Өтелетін шығындардың баптарышетелге экспорт мақсатында тауарлық белгілерді тіркеу және өнімді сертификаттау рәсімдеріне байланысты шығындар;

3.    Шетелде өкілдікті ұстау (офис, қойма, сауда нүктесі, шоу-бөлмелер)

Шығындардың өтелетін баптары қызметтің алғашқы үш жылы бойында өкілдікті ашу және ұстау (коммуналдық қызметтерді төлеуді қосқанда);

4.    Шетел көрмелерге қатысу

Шығындардың өтелетін баптары тіркеу салымын төлеу, көрме алаңдарын жалдау, көрме стендтерін жасау (немесе жалдау), тарату материалдары (каталогтар, буклеттер, парақтар);

5.    Отандық өнімді жарнамалау

Шығындардың өтелетін баптары шетел БАҚ PR компания және жарнамаға шығындар (баспа, радио, теледидар, қоғамдық баннерлер), салалық мамандандырылған каталогтарда.

6.    Кәсіпорын қызметкерлерін оқыту

Шығындардың өтелетін баптары шетелде кәсіпорын қызметкерлерін оқытуды өтеуге шығындар, шетел консультанттарын,эксперттерді, технологтарды, инженерлерді қазақстандық өндіріске тарту.

7.    Ф раншизаны тарту

Шығындардың өтелетін түрлері – франшизаны тарту және сатып алу.

8.    В еб-сайтты құру және іске қосу

Шығындардың өтелетін түрлері шетел тілдерінде сайттарды құруға және іске қосуға шығындар.

9.    Шетел нарықтарын м аркетингтік зерттеу

Шығындардың өтелетін түрлері қазақстандық өнімнің экспортын ұйымдастыру мақсатында шетел тауар нарықтары бойынша маркетингтік зерттеуді әзірлеуге шығындар.

Қазіргі уақытта «KAZNEX INVEST» АҚ «Экспорт-2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2012 жылдың 28 маусымынан 2014 жылдың                     28 маусымы аралығындағы кезеңде өнімді сыртқы нарықтарға шығарумен байланысты 2014 жыл шығындардың 50% өтеу түрінде қаржылық көмекті алуға экономиканың шикізаттық емес секторының өнімін экспорттаушылардан өтінімдерді жинау бойынша жұмысты жүргізуде.

Өтінім қабылдау мерзімі – 19 қыркүйекке дейін. Бюджеттік қаражаттың шектеулігіне байланысты, бірінші тапсырылған өтінімдерге басымдық беріледі.

Бұл бағдарламаға қатысу үшін толық ақпаратты алу мақсатында «KAZNEX INVEST» АҚ хабарласыңыздар тел: +7 (7172) 91 90 40 (вн. 1007, 1010, 1043, 1044), www.kaznexinvest.kz.

 


Дата cоздания: 15 Қазан 2015 11:43 Дата редактирования: 15 Қазан 2015 11:43

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 386.80
  • Евро 429.27
  • Рубль 5.78

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com