ЖОБА Ұлытау ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау мен жаюдың қағидалары

                                                                                                              ЖОБА

Қарағанды облыстық мәслихатының

______ сессиясының 2015 жылғы

_________________№___ шешімімен

бекітілген

 

 

Ұлытау ауданының аумағында

ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау мен жаюдың

қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1.Осы Ұлытау ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау мен жаюдың Қағидалары (әрі қарай - Қағидалар)Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарына сәйкес Ұлытау ауданының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау мен жаюдың тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидалар Ұлытау ауданының  аумағында ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындарға, тұрғындар мен жеке кәсіпкерлерге жалпыға бірдей таратылады.

3. Осы Қағидалар Ұлытау ауданының  аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау мен жаюды реттеу мақсатында әзірленді.

 

 

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар

 

4. Ауыл шаруашылығы жануарлары –  адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың  және бал араларының барлық түрі.

5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып бірдейлендіруді жүргізуге  арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі.

6. Ауыл шаруашылығы жануарлардың иелері - жеке меншігінде немесе басқа да қарауында ауыл шаруашылығы жануарлары  бар жеке немесе  заңды тұлға.         

7. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)- ветеринария саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ұлытау ауданының аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.

8. Ветеринариялық паспорт - уәкілетті орган белгіленген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі.

9. Жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы,  үй, жабайы  жануарлары.

10. Жануарларды ұстау – жануарлардың иелерінің жануарлардың өмірін,  дене және психикалық денсаулығын сақтауға, ветеринариялық - санитариялық нормаларды сақтай отырып, толыққанды ұрпақ алу үшін, сондай-ақ азаматтар мен  жануарлар әлемі өкілдерінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағытталған  іс-әрекеттер.

11. Қаңғыбас жануарлар - адамның  қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті үй жануарлары.

 

 

3. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау мен жаю

      

12.     Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, көбейту, жаю, айдау  санитарлық аймақтың талаптарына  сәйкес қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

13. Ауыл шаруашылығы жануарлары арнайы жабдықталған жабық орындарда, торлы қораларда және  жеке тұрғын үйлерден, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру, сауда, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көпқабатты үйлерден, көпшілік дем алатын жерлерден, балаларды сауықтыру лагерлерінен, демалыс үйлерінен,  санаторийлерден, табиғи және жасанды су айдындарынан, артезиандық құдықтардан Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қашықтықта ұсталуы қажет.

14. Қарқаралы ауданының жергілікті атқарушы орган (әр қарай – атқарушы орган) мен қала, кент және ауылдық округ әкімдері:

1) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес жайылым аумағын анықтауға, жер телімдері актілерін ресімдеуі;  

2) елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жұмыстарын ұйымдастыруы (малды бағуға бақташы мен шопанды табуға, мал иелері есебінен еңбек ақысын төлеу үшін келісім шарт жасау);

3) қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарларының уақытша  тұратын жерін және тұрағын анықтауы қажет.

15. Тұрғын үйлерде бір отбасынан артық отбасы тұрған кезде, осы үйде тұратын көрші отбасыларының келісімімен, белгіленген ветеринариялық-санитариялық нормаларды сақтаған жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жабдықталған жабық орындарда, торлы қораларда ұстауға рұқсат етіледі.

16. Ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу және сату, әкелу және әкету ветеринарлық паспорт негізінде  атқарушы орган беретін белгіленген үлгідегі ветеринарлық анықтама рәсімделгеннен кейін рұқсат етіледі.

17. Ауыл шаруашылығы жануарларын  әуе, су, темір жол және автомобиль көліктерінде тасымалдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына  сәйкес жүзеге асырылады.

18. Ауыл шаруашылығы жануарларын ұстаудың шарттары:

1) ветеринариялық паспорт рәсімдеу арқылы дер кезінде бірдейлендіру. Ерекше қауіпті  жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлы вакцинация жасату және  паразитарлық ауруларға қарсы  алдын алу  шараларын жасау;

2) жаңа туылған және сатып алынған ауыл шаруашылығы жануарлары атқарушы органның  дерекқор базасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2331 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінде» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4193 тіркелген) белгіленген тәртіпте бірдейлендіру және тіркеу;

3) санитарлық-гигиеналық, ветеринариялық-санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау болып табылады.

19. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелеріне:

1) қала, кент және ауылдық округінің тұрғын аймағында ауыл шаруашылығы жануарларын бағуға және айдауға;

2)  көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, саябақтарда және басқа да ортақ қолданылатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын  серуендетуге; 

3)  ауыл шаруашылығы жануарларын көлге, адамдар демалатын басқа да табиғи және жасанды су айдындарына түсіруге;

4)   қоршаған ортаны ластауға;

5) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын мал союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргізбей  және сойғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткізуге жол беруге;

6) ауыл шаруашылығы жануарларының мүрдесін лақтыруға немесе жерге көмуге;

7)  ауыл шаруашылығы жануарларын темір жол қарауына алынған жерде жаюға, ауыл шаруашылығы жануарларын темір жол бойында рұқсат етілмеген жерлерден иесінің қостауынсыз өтуге;

8) көлік жолында ауыл шаруашылығы жануарлармен өткен кезде жол қозғалысының қауіпсіздігін сақтау және оның жолдан өтіп бара жатқандағы тәртібін тікелей қадағалау арқылы жолдан өткен кезде жол қозғалысы  қауіпсіздігін бұзуға жол берілмейді.

20. Қаңғыбас ауыл шаруашылығы жануарларын және басқа да үй немесе қолға үйретілген жануарларды меншік иесіне қайтару қажет, ал егер ол немесе оның тұрғылықты жері белгісіз болса, ұсталғаннан үш күннің ішінде ұсталған жануар туралы ішкі істер органына немесе әкім аппаратына олар иелерін іздеуге шаралар қолданады. Иесін іздеген кезеңде жануарлар Ұлытау аудан әкімнің өкімімен анықталған уақытша орындарға қамалады. Қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау орындарында тасымалдау ұйымдастыру жергілікті атқарушы органға жүктеледі. Жануарларды бірдейлендіру, егу және диагностикалық зерттеулерді атқарушы орган жүргізеді. 

Уақытша қамауда тұрған қаңғыбас ауыл шаруашылығы жануарлары  Қазақстан Республикасының 1994 жылғы  27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 246 бабына және басқада заң актілеріне сәйкес иелеріне қайтарылады.

 

 

 4. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің құқығы

 

21. Кез-келген ауыл шаруашылығы жануарлары   иелерінің меншігі болып табылады және меншік түрі болғандықтан заңмен қорғалады.

 

 

5. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің міндеттері

 

22.  Ауыл шаруашылығы жануарларының  иелері:

1) ауыл шаруашылығы жануарларына жанашырлықпен қарау, биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес асырау, ал ауырған жағдайда уақытында ветеринариялық көмек көрсетуі;

2)   ветеринар мамандарға ветеринариялық шараларды өткізу үшін қажетті  жағдайлар жасау, жануарларды қарау, диагностикалау, зерттеу және емдеу-алдын алу шараларын жүргізу үшін уақытылы алып келуі;

3) олардың тұратын және серуендейтін орындарын тиісті санитариялық жағдайда ұстауы, үнемі дезинфекция жасау. Жем-шөптің қалдығын және қоқыстарды уақытында коммуналдық кәсіпорын арқылы қалалық қоқыс орнына апарып төгуі;

4) ауыл шаруашылығы  жануарларын қараусыз қалдырмауы және  бетімен жібермеуі;

5) адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдауы;

6) ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алғанда, жоғалтқанда немесе өлгенде ол туралы уақытында  атқарушы органға хабарлауы;

7) ауыл шаруашылығы жануарлары адамға немесе басқа  жануарға зақым келтіргендігі туралы таяу маңдағы медициналық мекемелерге, ветеринариялық мамандарға хабарлауы;

8) ауыл шаруашылығы жануарының мүрдесін алып кету және жою қажеттігі туралы уақытында коммуналдық кәсіпорынға және ветеринариялық маманға хабарлауы қажет.

 

 

6. Қағидалардың сақталуын бақылау

 

23. Осы Қағидаларды сақтауды бақылауды Ұлытау ауданының уәкілетті,  жергілікті атқарушы органдары және Ұлытау ауданының ішкі істер бөлімі жүзеге асырады.

 

 

7. Жеке және заңды тұлғалардың

осы  Қағидаларды бұзғандығы үшін  жауапкершілігі

 

24. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді. 

25. Осы Қағидалармен реттелмейтін құқықтық қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.


Дата cоздания: 15 Қазан 2015 11:43 Дата редактирования: 15 Қазан 2015 11:43

Ауа райы

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 389.75
  • Евро 434.26
  • Рубль 6.12

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com