Төменгі лауазымдар болып табылмайтын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама (27.05.2016)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
       Е-G-3 санаты үшін:       Жоғары білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:     
1) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;     
2) ғылыми дәрежесінің болуы.
-«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсандағы №12639 болып тіркелген.

  Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-G-3

     69956

     94108

«Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» ММ (101500, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы,  Абай көшесі, 27; анықтама үшін телефоны: 8(71035)2-14-51,  электрондық пошта: ulytau.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының  бос орындарына  орналасуға конкурс жариялайды:  

  1. Ұлытау ауданы Терісаққан (1 бірлік, санаты  Е-G-3,  №08-1-1) ,

Сарысу (1 бірлік, санаты  Е-G-3,  №13-1-1) , Жанкелді (1 бірлік, санаты  Е-G-3,  №14-1-1) селолық округі  әкімі аппараттарының бас мамандары
 Функционалдық міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, аумақтық әділет органдарына уақытында актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу, аудан әкімдігінің отырысына құжаттарды дайындап ұсыну жұмыстарын жүргізеді.  Кент, село тұрғындарына анықтамалар, отбасы, жан, мал есебі туралы бас кітабы бойынша тіркеуді жүргізу, жауапкершілікпен заң талаптарына сай куәландыру жұмыстарын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 
 2. Ұлытау ауданы Ақтас кенті  (1 бірлік, Е-G-3, № 03-1-2) ,  Егінді  (1 бірлік, Е-G-3, № 09-1-2), Жанкелді (1 бірлік, санаты  Е-G-3,  №14-1-2), Мибұлақ (1 бірлік, Е-G-3, № 11-1-2) селолық округі әкімі аппараттарының бас  мамандары
Функционалдық міндеттері: Барлық жасалатын шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есепшоттарының болуын ұйымдастырады және бақылауын қамтамасыз етеді, орнатылған мерзімде  бухалтерлік есебінің қаржылық жағдайы туралы жедел ақпаратты ұсынады және қаржылық-шаруашылық  іс-әрекетін жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
 Білімі – “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша; (Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудЫ өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).
Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Ұлытау ауданы әкімінің  аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Дата cоздания: 15 Қазан 2015 11:43 Дата редактирования: 15 Қазан 2015 11:43

Ауа райы

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 379.29
  • Евро 426.40
  • Рубль 5.93

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com