Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарлама (06.06.2016)

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-4 санаты үшін: Жоғары білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
E-R-4 санаты үшін: Жоғары білім.
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
-«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы                   29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілері тіркелімінің тізімінде                2015 жылы 30 желтоқсандағы № 12639 болып тіркелген.

       Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық  жалақылары:

Санат

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-4

     77452

     104935

E-R-4

     73288

       99106

«Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» ММ (101500, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы,  Абай көшесі, 27; анықтама үшін телефоны: 8(71035)2-14-51,  электрондық пошта: ulytau.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының  бос орындарына  орналасуға конкурс жариялайды:  

  1. «Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі  бас маманы (1 бірлік,  №05-1, санаты Е-4)
 Функционалдық міндеттері: Туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, атын, әкесінің атын, тегңн өзгерту туралы актілерінің мемлекеттік тіркелуін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мұрағаттық анықтамалар және қайталама куәліктер беруді қамтамасыз етеді, азаматтық хал актілерін жазуларға түзетулер және толықтырулар, өзгертулер енгізеді, азаматтық хал актілері жазуларының күшін жою және қалпына келтіру, туу, туралы куәлік беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмерін қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»  Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексін, «Қазақстан– 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 
2. «Ұлытау ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (1 бірлік, № 08-1-3, санаты     E-R-4) :   
Функционалдық міндеттері: Тұрғын үй инспекция міндетін уақытылы орындау. Кондоминимум  нысанына жататын үй жанындағы аумақтар және кондоминимум нысанындағы ғимарат (пәтер) иелерінің ортақ меншігін қолдану, ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібін орындау бойынша шараларды ұйымдастыру. Кондоминиум нысанындағы тұрғын үйді (тұрғын ғимараттарды) мерзімді қолданылуына дайындау және коммуналдық қызметті сапалы көрсету
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
 Білімі – “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру);  Қазақстан Республикасының  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 
3. «Ұлытау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (1 бірлік, № 04-1-2, санаты E-R-4) :  
Функционалдық міндеттері: Тұқым шаруашылығы бойынша мемлекеттік бақылауды жүргізу. Мемлекеттік  ресурстармен  тұқымдардың сапасы мен санын қалыптастыру, жоспарландыру, басқару. Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне сәйкес тұқым шаруашылығы саласында әкімшілік құқық бұзушылықты қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
 Білімі – “ауылшаруашылық ғылымдары” мамандықтары бойынша (агрономия); Қазақстан Республикасының  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 
4. «Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (1 бірлік, № 05-1-2, санаты  E-R-4) :  
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік функционалдық аймақтық бағдарламалардың орындалысын жіне тілдерді дамытуды қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
 Білімі –  “білім”  мамандықтары бойынша (қазақ тілі және әдебиеті,орыс тілі және әдебиеті), “гуманитарлық ғылымдар” мамандықтары бойынша (филология);  Қазақстан Республикасының  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның   мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін,  «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 
5. «Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (1 бірлік, № 13-1-1, санаты E-R-4) :  
Функционалдық міндеттері: Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу.Спорттың ұлттық және кешенді түрлерін дамыту.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
 Білімі – “білім” мамандықтары бойынша (дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру); Қазақстан Республикасының  «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан– 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 
6. «Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (1 бірлік, № 13-1-2, санаты E-R-4) :  
Функционалдық міндеттері: Аудандық,облыстық, республикалық спорттық-кешенді, сауықтыру іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу. Спорттық секцияларға балалардың қатысуын қамту. Өткізілген аудандық спорттық-кешенді іс-шараларына талдау және есеп дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
 Білімі – “білім” мамандықтары бойынша (дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру); Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 
7. «Ұлытау ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (1 бірлік, № 12-1-1, санаты E-R-4) :  
Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Тиісті әкімшілік- аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
 Білімі – “ветеринария” мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Ветеринария», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 
8. «Ұлытау ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (1 бірлік, № 11-1-1, санаты     E-R-4, 2019 жылдың  28 ақпанына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне арналған  демалыс мерзіміне) :  
Функционалдық міндеттері: «Мекен жай регистрі» мемлекеттік ақпараттық жүйені жүргізу. Аудан аймағы мекен-жайларының сәулеттік келбеті мен абаттандыруын жақсарту жөнінде ұсыныс жасау және оны қадағалау.Обьектілерге комиссиямен шығу. Салынған құрылыстарды заңдастыру үшін қолданысқа енгізу актілерін даярлау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «өнер» мамандықтары бойынша (сәулет), “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру);  Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей берілуі тиіс).
Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын кандидаттар үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Дата cоздания: 15 Қазан 2015 11:43 Дата редактирования: 15 Қазан 2015 11:43

Ауа райы

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 379.19
  • Евро 426.63
  • Рубль 5.92

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com