Новости

Осы аптадағы кезекті аппарат мәжілісі өтті

Бүгін, яғни сәуір айының 2-ші жұлдызында Ұлытау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ә.Омардың төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Т.Сейтжанов, аудан әкімінің орынбасарлары,  аппарат басшысы, аудандық қоғамдық кеңестің және аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, мекеме, бөлім басшылары және село, кент әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде көп балалы аналарға көрсетілетін көмек түрлері туралы, Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2018 жылы атқарылған және 2019 жылдың жоспары туралы мәселелері қаралды.

Бірінші мәселе бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Абилованың баяндамасына сәйкес, бүгінгі күнге 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны – 36, 16 жастан 18 жасқа дейінгі 1,2,3 топтағы мүгедек балалардың мүгедектігі бойынша әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы алушылар – 4, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар саны 443 адам, құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасылар – 200, 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіргендер 26 отбасының 137 мүшесі, тұрғын үй көмегін алушылар 8 отбасының 28 мүшесі.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Садықов баяндама жасады.

Ұлытау аудандық мәдениет үйі және оған қарасты ауылдық клуб үйлерінің жандарынан құрылған түрлі үйірмелердің жалпы саны – 61, қатысушылар саны – 881. Халыққа мәдени қызмет көрсету барысында жыл басынан 1046 шара өткізіліп, 59508 мың көрермен келушілер қамтылған. Жалпы жыл басынан бірқатар іс-шаралар атқарылып, өз жалғасын тауып келеді.

2018 жылы аудандық 11 байқау өткізілсе, 2019 жылдың 2 айында аудандық мәдениет үйі және мәдениет үйіне қарасты клуб үйлерінде 175 мәдени іс-шара өткізілген. Оған 10019 көрермен келушілер қамтылған.

2018 жылы аудан бойынша 112 мемлекеттік қызметкерлер және мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері диагностикалық тест тапсырса, 10 мемлекеттік қызметкер және мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері сертификаттық тест тапсырған. Қазтест жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуден 10 адам (100%) В1 деңгейіндегі сертификат алған.

Жиын соңында аудан әкімі Ә.Омар Ұлытау ауданында көп балалы аналарға көрсетілетін көмекті қатаң бақылауда ұстауды,  аудандық кітапханалардағы мазмұны ескірген кітаптарды бақылап отыруды және дәстүрлі әнді дамытуды барынша қолға алуды қатаң жүктеді. Сонымен қатар, берілген тапсырмаларды бақылауға алып, орындалысы туралы хабарлама жасап отыруды аудан әкімінің орынбасарлары М.Оспановқа, Д.Оразбековке және Б.Байжантаевқа тапсырды.

 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 383.69
  • Евро 429.08
  • Рубль 5.97

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com