Новости

Қазақ күресінен ересектер арасында «Ұлытау Барысы» атты аудандық іріктеу турнирі өтті

Турнир 2019 жылдың 3 сәуір күні Ұлытау аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешенінде өтті. Боз кілем үстінде Ұлытау селосы, Жезді және Қарсақбай кенттерінен 70-ке жуық балуан бақ сынады. Осы «Ұлытау Барысы» атты аудандық іріктеу турнирінде І,ІІ,ІІІ-ші орын алған спортшылар алғаш рет Ұлытау ауданында ұйымдастырылып жатқан «Сарыарқа Барысы» атты қазақ күресінен облыстық турнирге жолдама алды. Аудандық іріктеу турнирінің ашылу салтанаты сағат 12-00 де басталып, алғашқы құттықтау сөз Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Байжантаев Бағдат Тілеуліұлына және Ұлытау аудандық спорт бөлімінің басшысы Оразалин Марат Төлеуұлына берілді.

Салмақ дәрежелері: 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі мен абсолюттік салмақ дәрежелері. Ұлытау ауданының палуандары өз шеберліктерін паш етіп, үздік нәтижелер көрсетті.

Жалпы біріншілікте 55 кг салмақта 1-орын Баймағамбетов А. 2-орын Қойшығара Д. 3-орын Бейбіт Ә., Мұқанбетжан Н. 60 кг салмақта 1-орын Жаңғасқанов Е. 2-орын Дінәлиев М. 3-орын Тілепбай С., Қанат Қ. 66 кг салмақта 1-орын Әлібек Е. 2-орын Қожаберген Б. 3-орын Рамазан А., Дүйсембай Қ. 74 кг салмақта 1-орын Есенқабыл А. 2-орын Рахманиянов Д. 3-орын Әбдірәсіл Ә., Өмірзақ Н. 82 кг салмақта 1-орын Алшымбек Б. 2-орын Әбдіқалық А. 3-орын Махмуд Қ., Асан Б. 90 кг салмақта 1-орын Ибрагим Б. 2-орын Сейтжаппар А. 3-орын Базылхан Н., Қазыкенов С. 100 кг салмақта 1-орын Жылкелді Қ. 2-орын Ертай А. 3-орын Нұржамал Ә. +100 кг салмақта 1-орын Наурызбаев О. Абсолюттік салмақ дәрежесінде Дархан Рахманиянов турнир чемпионы атанды.

Жеңімпаздармен жүлдегерлер Ұлытау аудандық спорт бөлімінің арнайы грамотасымен, медальдарымен марапатталды.

 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 383.43
  • Евро 429.83
  • Рубль 5.96

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com