Новости

Кезекті аппарат отырысы өтті

Мамыр айының 14-і күні Ұлытау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Омар Әнуар Серікбайұлының төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудандық мәслихат хатшысы Т.Сейтжанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, мекеме, бөлім басшылары, кент, село әкімдері қатысты.

   Мәжілістің күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Алғашқы мәселе ауданның үш жылдық бюджеттік өтінімі бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Шайхин  ақпарат берді.  Екінші мәселе аудандық оқушылар үйінің  2018 жыл мен 2019 жылдың 4 айында  атқарылған жұмыстары туралы болды. Осы мәселе бойынша  аудандық оқушылар үйінің директоры Қ.Әубәкіров баяндады. Үшінші мәселе Қарсақбай агротехникалық колледжінің 2018 жылы, 2019 жылдың 4 айында  атқарылған жұмыстары жайында колледж  директоры Д. Сәдуақасов атқарған жұмыстары жөнінде құлағдар етті.

   Жиында аудан әкімі Әнуар Серікбайұлы бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің экономика саласы бойынша жұмыстарды  ширатуды сонымен қатар, даму бағдарламасында көзделген мәселелерді орындауды аудан әкімінің орынбасары Д.Оразбековке жүктеді. Күн тәрбіндегі екінші мәселе туралы аудан басшысы оқушылар үйінің жұмыстарын бақылауда ұстауды аудан әкімінің орынбасары Б.Байжантаевқа тапсырды. Сондай-ақ, жиында «Жас сарбаздар» ұйымын ашу керектігі жөнінде ұсыныс айтылды. Үшінші мәселеде аудан әкімі алдағы уақытта барлық кент, село әкімдері мен  жеке шаруа қожалық иегерлерімен Қарсақбай колледжіне барып, колледж жұмысымен танысуды әрі ондағы мамандардың қажеттілігін кеңіннен түсіну үшін тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды аудан әкімінің орынбасары Б.Байжантаевқа жүктеді.

   Жиын барысында күн тәртібіндегі басқада мәселелер қаралып, кент, село әкімдері мен тиісті мекеме, бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді. 

 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 383.43
  • Евро 429.83
  • Рубль 5.96

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com