Новости

«Көкмайса – 2019» этнофестивалі аяқталды

Үш күнге созылған «Көкмайса – 2019» энофестивалінің жеңімпаздары анықталды. Әр сайыстан жүлделі орынға ие болғандарды аудан әкімі Омар Әнуар Серікбайұлы марапаттады.

       Қатын күрес сайысы бойынша 3-орын Юлия Нұрахметова, 2-орын Құралай Ескендірова, 1-орын Сандуғаш Қасымғалиева, Бас жүлдеге Шынар Тілеубергенова ие болды. Аударыспақ сайысынан (70 келіден жоғары )  3-орын Жанбота Жүсіпов , 2-орын Ғалым Байысов, 1-орын Балғатай Кінтаев. Осы сайыстан (70 келіден төмен) 3-орын Әлібек Тілеубаев, 2-орын Марғұлан Исақов, 1-орын Дидар Есмақаевға бұйырды. Командалық «Көкпар» сайысынан 5-орын «Ортақ» командасы (Ұлытау), 4-орын «Алғабас» командасы (Алғабас), 3-орын «Ұлытау» командасы (Ұлытау), 2-орын «Ақтүбек» командасы (Жаңаарқа), 1-орын «Ақжол» командасы (Жаңаарқа) жеңіске жетті. Аламан бәйге сайысынан 5-орын Ыбырахым Байболов  (Ұлытау),  4-орын Кеңгірбай Қазыбаев (Егінді),  3-орын Қанат Әбсейтов (Қаракеңгір), 2-орын Сұлтан Баймағанбетов (Ұлытау), 1-орын Әсет Жылтыркөзов (Шет) ауданының аты бірінші келді. Дәстүрлі әншілер байқауынан Ардақ Мұқышев, Бард әндерін орындауда  Еркін Жабағанов бірінші орындарға ие болды. Мешкейлер сайысы бойынша Жасұлан Елеусізов осымен үшінші жыл қатарынан жеңімпаз атанды. Қымыз ішу сайысынан Рахман Жұмағали жеңіске жетсе, садақ атудан Мейірбек Кеңесов мергендігімен танылды. Қыз қуу сайысынан шеңберлік Қыргүлі Нұраева «үздік» екендігін дәлелдеді.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай  марапаттарға ие болды.




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 384.39
  • Евро 431.71
  • Рубль 6.11

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com