Новости

Сенат депутаты – Ұлытау

2019 жылдың шілде айының 9-ы күні Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров жұмыс сапарымен ауданымызда болды. Алдымен Сенат депутаты Р.Әбдікеров, аудан әкімі Ә.Омар, аудан әкімінің орынбасары Б.Байжантаев бастаған топ, аудан орталығындағы көп балалы отбасы Сымбат Есмағанбетованың үйіне барып, бүгінгі тыныс тіршілігімен танысты. Содан кейін Сенат депутаты аудандық жұмыспен қамту орталығы мекемесінің жұмыс жоспарымен танысып, алдағы уақытта атқарылатын бірқатар тапсырмалар берді.   

    Келесі кезекте Сенат депутатының қатысуымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активімен кездесу өтті.Автивті аудан әкімі Ә.Омар ашып, жүргізіп отырды. Жиында Сенат депутаты Р.Әбдікеров  ҚР-ның Президенті Қ.Тоқаевтың бағдарламаламасын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде әңгіме қозғап, төменгі пайызбен  беріліп жатқан  несиелерді дұрыс пайдалану керектігін айтты. Сөз соңында Сенат депутаты аз қамтылған  отбасыларға көбірек көңіл бөлу керектігін тілге тиек етті.

   Жиын барысында Сенат депутаты Р.Әбдікеров кездесуге қатысқан актив мүшелерінің қойған сұрақтарымен ұсыныстарын назарға алып, тиісті жоғарғы құзырлы органдарға сұраныс жасап, ауданда күрделеніп отырған мәселелерді шешу үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.   

   Бұдан кейін Сенат депутаты ауданымыздағы тарихи орын «Хан Ордасы» және «Көкмайса» демалыс орындарына барып, бүгінгі жұмыс барысымен танысты. Іс-сапар барысында Сенат депутаты арнайы ауданымыздағы қарт ақсақал Тақан Шынбергеновтың шаңырағына барып, атамыздың иығына шапан жауып, ишарат танытты. Тақан атамыз алғысын айтып, келген қонақтарға ақ батасын берді.

 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 384.39
  • Евро 431.71
  • Рубль 6.11

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com