Шілде айының 17-і күні аудандық спорт кешенінде пробация есебінде тұрған азаматтар арасында "Сен қоғамға керексің!" атты іс-шарасы өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Байжантаев, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Оразалин, аудан прокуратурасының аға прокуроры Б.Бегаев, аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Ж.Амановтар қатысты.
Жарыс алдында аудан әкімінің орынбасары Б.Байжантаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорттық сайыс шахмат, дойбы, қол күрес, кіртасын көтеру және арқан тартыс сайыстары бойынша өткізілді.
Жүлделі орын алғандармен жеңімпаздарды аудан прокуратурасының аға прокуроры Б.Бегаев марапаттады.