Новости

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Тамыз айының 11 жұлдызында Ұлытау аудандық орталық мешітінде құрбан айт мерекесі сағат 07-30-да басталды. Жиналғандарды мешіт имамы Жанболат Рақымбердиев құрбан айт мерекесімен құттықтап, құрбан айт жайлы уағыз айтып, айт намазының оқылу тәртібін жиналған жамағатқа түсіндірді. Айт намазы оқылып болған соң, құрбан шалу рәсімі орын алып, ауыл ақсақалы Мағзұмбек Машайықов батасын берді. Құрбан айт мерекесінде қол күрес, кір тасын көтеру, арқан тартыс сайыстары ұйымдастырылды. Жүлделі орын алған қатысушыларға арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Бұдан кейін мешіт алдында арнайы тігілген киіз үйде жаппай халыққа арналып дастарқан жайылып, дәм берілді.

 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 386.77
  • Евро 427.26
  • Рубль 6.00

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com