Новости

Қарағанды облысында дәрігерлер туралы мәліметтер жазылған интерактивті карта құрылды

Қарағанды облысында жас медицина кадрлары туралы барлық ақпарат жинақталған интерактивті карта жасалды. Оның көмегімен қандай ауруханаға немесе емханаға медуниверситеттің түлегі жұмыс істеуге келетінін білуге болады.

Қарағанды облысында жұмыс істейтін жаңа медициналық қызметкерлер, енді GOOGLE-картада көрінетін болады. Оны өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы құрды. 
Сілтеме бойынша өтетін кез келген адам – дәрігердің аты-жөні, мамандығын , сондай-ақ ол бекітілген медициналық ұйымды көре алады. Сауалнама мәліметтерінен басқа, дәрігер профилінде мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат көрсетілетін болады.
- Мемлекет жас дәрігерлерге елеулі әлеуметтік қолдау көрсетуде. Мысалы, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы төлеу, тұрғын үй беру, отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру қарастырылған. Сондай-ақ, кейбір медициналық ұйымдар өз бюджетінен қосымша көтерме ақы төлейді, деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Әзірге картаға 57 дәрігердің деректері енгізілген. Олар емханалар мен ауруханаларда жұмысқа кірісті. Жыл соңына дейін облысқа 446 маман келеді деп күтілуде.

 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 386.82
  • Евро 428.67
  • Рубль 5.86

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com