Новости

Бердібек Сапарбаев Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесті

Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Ұлытау ауданының активімен кездесті. Кездесудің мақсаты - Елбасының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауын түсіндіру.

Аймақ жұртшылығымен кездесуде Бердібек Сапарбаев Президент Жолдауының басым бағыттарына тоқталды.
- Біз жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болып қайттық. Сапарымыздың мақсаты – аймақтағы ахуалмен танысу, тұрғындармен кездесу, Үкіметтің Елбасы мен Мемлекет басшысының міндеттерін қалай атқарып жатқаны туралы халықты хабардар ету, алдағы жұмыс туралы айту, - деді вице-премьер.
Ол Президенттің Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болатын бастамалар көрініс тапқан. Оның айтуынша, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру ел басшылығы саясатының басым бағыты болып табылады.
- Жыл сайын әлеуметтік салаға көп көңіл бөлінеді. Биылғы жылы бюджеттің 45%-ы оның шығындарына бөлінді. Сіздер білесіздер, АӘК сәуірден бастап жаңа форматта көрсетіледі. Қазіргі уақытта бұл көмек түрін елде 2 млн адам алады. Бірақ бұл ретте аталмыш көмек масылдықты тудырмауы және ол шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана көрсетілуі тиіс екенін түсіну қажет.
Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасы бойынша азаматтардың қарыз жүктемесін төмендету бойынша жұмыс жүргізілді. Қазақстандықтардың несиелерінің бір бөлігін өтеу үшін бюджеттен қаражат бөлінді. Мемлекеттің қолдауы тек мұқтаждарға ғана берілуі тиіс. Үкімет қазір әлеуметтік қолдау шараларын одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс істеуде, - деп атап өтті вице-премьер.
Ол сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тыңдаушы мемлекетті» қалыптастыру міндетін қойғанын атап өтті. Осыған байланысты қоғамдық кеңестердің, мәслихаттардың, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес сектордың рөлі күшейтілетін болады.
Бердібек Сапарбаев өз сөзінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құқықтық тәртіп, Өңірлерді дамыту салаларында шешілетін міндеттерге тоқталды.
Кездесуде аудан ардагерлері, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының тұрғындары туризмді дамыту, моноқалаларға жас мамандарды тарту үшін сұрақтар қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ көмір бағасы, газдандыру, ауылдарды абаттандыру туралы сөз қозғалды.
Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек келесі жылы Алаша хан, Жошы хан кесенелеріне және өңірдің басқа да тарихи орындарына баратын жол, сондай-ақ Сәтпаев қаласы мен Ұлытау ауданын байланыстыратын жол жөнделетін болады деп атап өтті. Бұдан басқа, келесі жылы Ұлытау-Арқалық жолын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді.
 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 389.81
  • Евро 430.27
  • Рубль 6.06

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com