Новости

Қарсақпай кентінің оқушылары үшін Жезді мұражайына экскурсия ұйымдастырылды

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жезді кентінің мұражайында Қарсақпай кентінің №15 мектебінің оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Балаларға Ұлытау ауданы тарихы, мәдени мұрасы мен табиғи байлықтары туралы айтып берілді. 
- Оқушылар біздің мұражайда өте пайдалы және көңілді уақыт өткізді. Олар көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алды. Экскурсия жақсы әсер қалдырды деп үміттенеміз, балалар біздің тарихымыз бен мәдениетіміз туралы көп мәлімет алды, - дейді мұражай қызметкерлері.
Олар осындай танымдық экскурсиялар балаларға туған өлкеге деген сүйіспеншілікті оятып, олардың зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын арттырады деп санайды. 
Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайы 1994 жылдың 15 шілдесінде ашылды. Экспозиция 3 гектар алаңда ашық аспан астында, сондай-ақ көрме залдарында орналасқан.
Мұражай қорына тау-кен және балқыту ісінің тарихын, материалдық мәдениетті, этнография мен халықтың тұрмысын көрсететін 15 мыңнан астам сирек кездесетін және құнды экспонаттар кіреді.

 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 387.14
  • Евро 428.18
  • Рубль 6.06

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com