Новости

«ХҚО қалтаңызда» акциясы Саран қаласының ұйымдары арасында өзінің танымалдығын арттыруда

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ке АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Саран қалалық халыққа қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері қала ұйымдарының арасында «ХҚО қалтаңызда» атты  ауқымды акция өткізді.  Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері ұйымдарға барып,  мемлекеттік қызметті ұялы телефон мен әлеуметтік желінің көмегімен қалай алуға болатынын айтып,  түсіндірді.

Бүгінде Telegram-бот арқылы- 20, ВКонтакте-дегі бот арқылы -19,  Facebook  арқылы -15 мемлекеттік қызмет алуға болады. Танымал әлеуметтік желілердегі боттарды іске қосу мемлекеттік қызмет ұсыну үшін қосымша алаңдардың құрылуына әкелуде. Қызмет алу кезінде, пайдаланушы виртуалды кеңесшімен сұхбат құрады, анықтамалық ақпаратты egov.kz. мемлекеттік қызмет порталына көшусіз және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланусыз алуға болады, сұрау салуды  СМС-парольмен растаса,  жеткілікті.             

Әлеуметтік желілердегі боттарды іске қосу ХҚО-ға әртүрлі анықтама үшін жүгіну баламасы түрінде есептеледі, электрондық қызметтерді смартфон арқылы алу мүмкіндігін іске асырады және біздің клиенттеріміздің уақытын үнемдейді.

Бұдан басқа, eGovmobile- электрондық үкіметтің жаңа мобилді қолданбасы іске қосылды. Жаңа қолданбадағы өзінің биометриялық деректеріне ЭЦҚ бекітуге болады және қызметке тапсырыс беру кезінде  сұрау салуды ұялы телефонын бұғаттан шығару кезіндегі сияқты өз Touch ID немесе Face ID растауға болады. Қазіргі кезде қолданбада 28 танымал мемлекеттік қызмет қолжетімді. Сонымен бірге, жақсы жетілдірілген eGovmobile ЭЦҚ-ны 4- мәндік PIN-кодқа немесе құрылғыға кіріктірілген биометрияға (Face ID, Touch ID)  бекітуге мүмкіндік береді. ЭЦҚ-ны бір рет PIN-кодқа немесе биометрияға бекіту,  әр жолғы қызмет алу және авторизациядан өту кезінде ЭЦҚ таңдауға және парольді енгізуге алаңдамауға мүмкіншілік береді. Ұйым қызметкерлерін үйрету кезінде мамандар әртүрлі мәселелерді кездестіреді, алайда, ең бастысы - жұмыс нәтижесі азаматтардан жоғары баға алу болып табылатынын ұмытпаған жөн. Шынында да қызметтерді кеңседен шықпай-ақ, ХҚО бөліміне келмей-ақ санаулы минуттардың ішінде алуға болады, бастысы жаңаға үйренуге, заманнан қалыспауға деген ниеттің болуы. «ХҚО қалтаңызда» акциясын өткізу аясында, Мемлекеттік корпорацияның мамандары  Саран қаласының әкімдігіне,  Nur Otan партиясының Саран қалалық филиалына, Саран қаласының білім беру бөліміне, Саран қаласының психикалық-неврологиялық әлеуметтік –медициналық мекемесіне, Пробация орталығына, «Сәуле» балалар бақшасына, Саран қаласының мұрағатына, №6 орта мектепке барды және бұл істің тек бастамасы ғана! 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 387.14
  • Евро 428.18
  • Рубль 6.06

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com