Новости

Қарағанды облысында жыл соңына дейін жеті емхана ашылады

Осы жылдың соңына дейін Қарағанды облысында жеті емхана мен екі оңалту орталығы ашылады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.

Биыл өңірде 4 жаңа емхана, оның ішінде бір балалар емханасы ашылды. Жалпы бұл мекемелерде 70 мыңнан астам адам тіркелген.
Қарағандыда екі жаңа оңалту орталығы ашылады. Олардың бірі қаланың оңтүстік-шығысында орналасқан 40 төсекке шақталған ересектерге арналған орталық. Екіншісі балаларға арналған, Майқұдықтағы 50 төсектік оңалту орталығы.
Ержан Нұрлыбаев сондай-ақ облыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін пилоттық режимде қалай енгізетінін айтты.
- Оңалту көмегіне қол жеткізу 42%-ға жақсарды. МӘМС енгізу жөніндегі пилоттық жоба басталғанға дейін орташа ай сайын оңалту төсектерінде 690 пациент емделді. Қазан айында бұл көмек түрі 981 науқасқа көрсетілді, - деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев. 
Медициналық сақтандыру арқасында көптеген адамдар КТ және МРТ сияқты қымбат тексеруден өте алды. Медициналық қызметтің бұл түрлері соңғы екі айда 2.5 есе жиі көрсетіле бастады.
Дегенмен, пилоттық жобаны енгізу бірқатар мәселелердің де шетін шығарды. Олардың қатарында - медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың мәртебесін өзектендіру және жұмыс берушілер тарапынан уақытылы төлемдер жасау секілді проблемалар бар.
Осы жылдың 1 қыркүйегінде жоба басталған кезде облыста нақты мәртебесіз 45 мыңға жуық адам болған. Қазір олардың саны 16 мыңға дейін қысқарды. Оның 8 680-де құжаттары жоқ. Қала және аудан әкімдері бұл адамдарға қысқа мерзімде жеке куәлікті дайындауға және ЖСН алуға, одан кейін МӘМС жүйесінде тіркелуге көмектеседі.
- Бұл мәселелер бірінші желтоқсанға дейін шешілуі тиіс. Төлем жасамайтын жұмыс берушілермен әңгімеле жүргізулеріңізді сұраймын. Бұл 2500-ге жуық түрлі мекемел. Егер төлемдер тұрақты болмаса, онда бұл мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін жеке меншік клиникалардың қызметкерлеріне әсерін тигізеді. Олар халыққа қызмет көрсетеді, ал медициналық сақтандыру қоры олармен есептесе алмайды, - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Ол сондай-ақ жыл соңына дейін МӘМС жүйесінде азаматтардың мәртебесін өзектендіру мәселесін шешуді және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы осы жылдың 1 қыркүйегінде Қарағанды облысында пилоттық режимде бастау алған болатын. Республиканың басқа өңірлерінде оны 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізетін болады.
 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 384.97
  • Евро 427.12
  • Рубль 6.04

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com