Новости

Сіздің телефоныңызға ЭЦҚ-ңыздың әрекет ету мерзімі аяқталатыны туралы ескерту SMS келді ме?

Онда сізге келесі ақпарат өте пайдалы:

SMS-хабарлама келген бойда Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталындағы өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіріп, жарамдылық мерзімін тексеріңіз.

Жеке кабинетке сіз интернет-ресурстың басты бетінен немесе SMS-те көрсетілген сілтеме бойынша ауыса аласыз. Ары қарай келесідей алгоритм бойынша әрекет етеміз:

✅ Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз;

✅ «Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзін (паролін) дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз;

✅ ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшеміз. Ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаймыз.

❗️ Электрондық қолтаңбаның қолданылу мерзімі әлі аяқталмаған жағдайда өтінімді онлайн беруге болады.

✅ Бұдан әрі негізгі жолдарды толтырыңыз, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;

✅ Егер ЭЦҚ-ны сақтау үшін сіз компьютерді таңдасаңыз, өзіңіздің ЭЦҚ кілттеріңізге құпиясөз (пароль) ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

❗️ Құпиясөзде төменгі және жоғарғы регистрдегі латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс. Құпиясөздің ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.

✅ «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басқан соң тіркеу куәліктерін сәтті орнатқаныңыз туралы хабарлайтын терезе пайда болады.

Құттықтаймыз!

Айтпақшы, ЭЦҚ қолдану мерзімін ұзарту да, оны жаңадан рәсімдеу де тегін қызмет.

 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 376.84
  • Евро 407.97
  • Рубль 5.91

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com