Новости

Түркілердің киелі шыңдарына шыққан экспедиция

2020 жылғы 17-24 ақпан аралағында «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі мен «Nomad Explorer» бірлестігі ұйымдастырған «Ұлытау таулары – Ұлы таулар» экспедициясы Түркия мемлекетіне арнайы барды. Экспедицияның мүшелері Улы-Даг университетінде болып, университет басшылығымен жобаны бірлесіп өткізу туралы келіссөздер жүргізді. «TUDAM» Түркі халықтарының мәдениетін дамыту орталығы басшысы Ердем Оздемирмен жүздесті.

«TUDAM» орталығының қабылдау залында «Ұлытау» қорық-музейінің қызметкері Дмитрий Ругис пен музейдің серіктесі Руслан Ыбырай «TUDAM» орталығының қызметкерлері мен Улы-Даг университетінің студенттеріне жобаның тұсаукесерін өткізіп, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіндегі Ұлытаудың рөлі жайлы айтты.

 Профессор Халит Екен құттықтау сөз сөйледі. Дмитрий Ругистің «Ұлытау» фотокөрмесі қатысушылардың арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Экспедиция мүшелері студенттермен бірге Улы-Даг тауына шықты. Мұндай экспедиция былтыр Ұлытау тауына да (Қазақстан, Қарағанды облысы) жасалған. Келесі бағыт 2021 жылға жоспарланып отыр, ол – Солтүстік Каваказдағы Кабардино-Балкария орналасқан, Уллу-тау болмақ. Кейіннен   экспедиция Алтайдағы Улуг-Даг (Тыва Республикасы) мен Улутаг (Хакасия Республикасына) тауларына аттанбақ. 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 418.90
  • Евро 492.88
  • Рубль 5.73

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com