Новости республики

Түркістанда МӘМС жүйесіне тұрғындардың 91,6 пайызы қатысады

 Сондай-ақ, тұрғындар тегін диагностика мен лайықты ем ала алады, медициналық оңалту мен қалпына келтіру кең ауқымда көрсетіледі Жаңа жүйе ауыл медицинасын да дамытуға үлкен қолдауТехникалар жаңартылып, алғашқы санитарлық көмек пен жедел-жәрдем қызметін қаржыландыру артып отыр.

Жүйеге төленетін жарна сомасы әртүрлі болуы мүмкін, алайда әрбір сақтандырылған азамат өзі мүдделі медициналық көмектің көлемін алады. Сонымен қатар, әрбір адамға, оның сақтандырылған мәртебесіне қарамастан, тегін медициналық қызметтердің кепілдік берілген көлемі шегінде жедел және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділігі сақталады.

МӘМС жүйесі шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамту деңгейі жалпы ел бойынша 95%-дан асады деп болжануда. Түркістан облысы бойынша бұл көрсеткіш - 91,6%. Түркістан облыстық медициналық ұйымдар да өз кезегінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға толығымен дайын. Облыс бойынша 2020 жылға қор 73 өнім берушімен шарт жасады, оның ішінде мемлекеттік - 40 (51,3%), жеке - 33 (48,7%).
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады және олар ТМККК пакеті мен МӘМС пакетіне кіретін медициналық қызметтерді тегін ала алады. Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушы болуы керек. Сондықтан да әрбір адам өз статусың анықтап алғандары жөн.

Егер азамат сақтандырылмаған болып шықса, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар МӘМС жарнасын өзіне төлеуіне болады. Банк жасап шығарған төлем терминалдары арқылы жүйеге жылдам кіруге болатын тетіктер бар. Бүгінде төлемдер жасауға облыста 40 мемлекеттік медициналық ұйымда терминал қойылды. Жалпы, Түркістан облысында бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер саны - 402 300 адам.

Айта кетерлігі, бірыңғай жиынтық төлемінің көлемі қалалық тұрғындар үшін 1 АЕК – 2 651 теңге, ауылдық мекендер үшін айына 0,5 АЕК – 1326 теңге, оған барлық салықтар мен төлемдер кіреді. Жаңа жүйеге қатысты сұрақтар болса, 1406 нөміріне қоңырау шалып, онда қажетті ақпарат пен кеңестер алуға болады.

Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 378.60
  • Евро 417.75
  • Рубль 6.13

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com