Новости республики

COVID-19: 13 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай

Оның ішінде 239 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 38 / 12
Алматы қаласы - 52 / 23
Шымкент қаласы - 10 / 7
Ақмола облысы - 32 / 14
Ақтөбе облысы - 10 / 6
Алматы облысы - 21 / 20
Атырау облысы - 20 / 19
Шығыс Қазақстан облысы - 85 / 25
Жамбыл облысы - 19 / 8
Батыс Қазақстан облысы - 39 / 23
Қарағанды облысы - 56 / 13
Қостанай облысы - 27 / 9
Қызылорда облысы - 4 / 1
Маңғыстау облысы - 21 / 20
Павлодар облысы - 19 / 6
Солтүстік Қазақстан облысы - 33 / 7
Түркістан облысы - 31 / 26

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 101372.


Қазақстанда өткен тәулікте 2079 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 38
Алматы қаласы - 696
Шымкент қаласы - 415
Ақмола облысы - 57
Ақтөбе облысы - 36
Алматы облысы - 50
Атырау облысы - 279
Шығыс Қазақстан облысы - 84
Жамбыл облысы - 10
Батыс Қазақстан облысы - 25
Қарағанды облысы - 25
Қостанай облысы - 30
Қызылорда облысы - 195
Маңғыстау облысы - 4
Павлодар облысы - 56
Солтүстік Қазақстан облысы - 41
Түркістан облысы - 38

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 76756.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 281 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 100 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 151 науқас жатыр. 19 130 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы науқастардың арасында 423 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 106 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.

1f9fba45-0625-42a7-b2b4-795e96819105.jpg

Коронавирус әлемде

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, 13 тамызда таңертең әлемде 20 550 481 адам ауырып, 748 348 науқас қайтыс болды. Жұқтырғандар саны АҚШ-та - 5 195 195, Бразилияда - 3 164 785 және Үндістанда - 2 329 638-ге жетті.

Еуропа елдері

Бельгия мен Еуропалық Одақтың астанасы Брюссельде сәрсенбіден бастап қоғамдық орындарда бетперде кию міндеттелді.

Бельгияда жұқтырғандардың орташа саны соңғы аптада 100 мың адамға шаққанда 50 адамнан асты. Сондықтан ЕО-ның кейбір елдері бұл елге кіруге қойылған шектеулерді қайтарды.

Сонымен қатар дүйсенбіден бастап Парижде де адамдар көп жиналатын жерлерде маскалар кию міндеттелді. Францияда және оның астанасында коронавирус жұқтырғандар саны артуда. Сәрсенбіде француз билігі полиция жақында халықтың бетперде киіп-кимегенін тексере алатынын мәлімдеді.

Қытай

12 тамыздан бастап Қытай Еуропаның 36 елінен, соның ішінде Ұлыбритания, Германия және Франциядан келгендер үшін шектеулерді жеңілдетуде. Бұл шектеулер наурызда енгізіліп, елге Еуропадан, тіпті Қытайда тұруға және жұмыс істеуге рұқсаты бар адамдар үшін де тыйым салынған болатын.

Қытайға оралған білікті шетелдік жұмысшыларға және арнайы шақыру қағаздарымен кіруге рұқсат етілді.

Шетелден келушілердің бәрі 14 күндік карантиннен өтуі керек. Сонымен қатар Қытайға әуе билеттерін сатып алу қиынға соғады, өйткені наурыз айында елге және одан ұшатын рейстердің саны күрт төмендеп, билеттердің бағасы өсті.

Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 418.90
  • Евро 492.88
  • Рубль 5.73

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com