Новости области

Қарағанды облысында келесі жылыту маусымына дайындыққа 43 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады

Қарағанды облысында биылғы жылы жылу желілерін және құрылғыларды жаңғыртуға 43 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады. Ол жайлы облыстық әкімдікте өткен аппарат жиналысында Энергетика және ТКШ басқармасының жетекшісі Ұлантай Үсенов мәлімдеді.

Қазірдің өзінде кейбір жылу станциялары келесі жылыту маусымына дайындықты бастап кетті. Мысалы, Шаxтинск ЖЭО-да жаңғырту жобасы құрылған. Құжаттар мемлекеттік сараптамаға жіберілген.
Барлық жылыту станцияларындағы жөндеу жұмыстарының жоспарлары мен кестелері дайын. Қазіргі таңда Қарағанды қаласының ЖЭО-3, Топар МАЭС-2, Теміртау қаласының ЖЭО-2 және МАЭС-1, Жезқазған ЖЭО жұмысқа кірісті. Сонымен қатар Топар МАЭС-2 биылғы жылдың маусым айында жаңа қазандық пен турбинаны іске қосады.
ЖЭО-2-де Теміртау қаласындағы жылу қуаты тапшылығын жоюға септігін тигізетін №7 қазандықты жобалау, орнату және жеткізу бойынша жұмыстар басталды.
Биылғы жылы Шаxан кентінде орталық қазандық құрылысы басталады. Бұл мақсатқа бюджеттен 234 млн теңге бөлінген. Тағы 330 млн теңге республикалық бюджет бекітілген соң бөлінеді деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары осы жылдың екінші тоқсанында басталып, 2020-2021 жылыту маусымына қарай аяқталуы тиіс.




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 379.19
  • Евро 426.63
  • Рубль 5.92

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com