Новости области

Облыстағы ауруxаналар мен емxаналардың басым бөлігі жылыту маусымына дайын

Қарағанды облысының медициналық мекемелерінің 72% жылу маусымына дайын, бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлайды.
Қарағанды өңірінің ауруханалары мен емханаларының жартысынан көбі 100% қысқы маусымға дайындық туралы актілерді алды. Жылу жүйесін қосуға 242 медициналық ұйымның 175 дайын. Бұл бүгінгі күнге жоспарланған межеден 12% артық.
Көшбасшылар қатарында Нұра және Шет аудандары, мұнда қысқа барлық медициналық нысандар дайын. Денсаулық сақтау саласының 167 нысаны орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, 5-і аймақтық қазандықтар арқылы және 65 медициналық ұйым автономды жылу жүйесі немесе өз қазандықтары арқылы жылытылады.
Медициналық мекемелерді жылыту үшін 19.9 мың тонна көмір қажет. Қара отынды жеткізу бойынша келісімдер жасалып, кестелер бекітілген. Сонымен қатар биыл Ақтоғай ауданының орталық аудандық ауруханасында модульді қазандық орнату мен Приозерск қаласындағы, Шет ауданының ОАА, Қарқаралы ауданының үш дәрігерлік амбулаторияларында қазандықтар мен қазандық құрылғыларын ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылмақ. Жылу жүйелерін жуу, қысымын өлшеу және орнату жұмыстары жалғасуда және бұл жұмыстар Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаевтың жеке бақылауында.
- Бізде барлық жұмыстар тізбектелген,және де жылу маусымына дайындық жұмыстарына ауруханалар мен емханалардың бірінші жетекшілері жауапты болады, - атап өтті Нұрлыбаев.
 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 386.82
  • Евро 428.67
  • Рубль 5.86

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com