Новости области

Қарағанды облысында «Жас кәсіпкер» жобасы басталады

Қарағанды облысында 24 шілдеден бастап «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының «Жас кәсіпкер» білім беру жобасы басталады. Оған қатысу жастарға бизнес негіздерін меңгеруге, бизнес еңістігінде өз орнын табуға, өз ісін ашуға және грант түрінде 200 АЕК (505 мың теңге) бастапқы капитал алуға, жылдық 6%-бен 8000 АЕК-ке дейінгі сомаға жеңілдікті несие алуға мүмкіндік береді.

Оқыту облыстың барлық аудандары мен қалаларында, оның ішінде Қарағанды қаласында нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде белгілі бір ұғымдар мен құзыреттер шеңберін жүйелендіру үшін тәжірибелік тапсырмаларды, кейстерді, іскерлік ойындарды қолдана отырып, ҰКП әзірлеген материалдар базасында өтетін болады.
Оқу мерзімі 25 күннен аспайды. Бағдарламаға қатысушыларға стипендия төленеді және оқуды аяқтаған кезде әрқайсысы сертификат алады, бұл құжаттың көмегімен одан әрі грант пен жеңілдетілген несие алуға үміткер бола алады.
Барлық тілек білдірушілер Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасының филиалдарына немесе халықты жұмыспен қамту орталықтарына, сондай-ақ елді мекендердің әкімдіктеріне хабарласа алады. Жобаға қатысу үшін қатысушылар келесі құжаттарды тапсыруы қажет: жеке куәліктің көшірмесі, мекенжай анықтамасы (egov.kz-тен) және жобаға қатысу үшін өтінішті толтыру керек. Сондай-ақ бағдарламаға қатысу үшін 22-23 шілдеде өтетін тестілеуден өту қажет.
«Атамекен» АКП-де атап өткендей, «Бастау» жобасы аясында да оқыту жалғасады.

Бұл жобалар туралы толық ақпаратты Қарағанды облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасынан: Ермеков көшесі, 29, 3 қабат (317, 302 кабинет) немесе телефондар арқылы білуге болады.: 8(7212) 506418, 8 701 995 1594. Сондай-ақ 1432 қысқа нөміріне Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін.
 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 383.95
  • Евро 429.26
  • Рубль 6.16

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com