Новости области

Саран қаласында жас шахматшылар сайысы өтті

Саран қаласында дәстүрлі түрде өтетін оқушылар арасында шахмат бойынша спартакиада өтті. Аталмыш қалалық сайыс жыл сайын осымен бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді. Турнир зияткерлік ойынның мықты шеберлерін анықтайды.
Саранда балалар мен жасөспірімдер айналысатын екі шахмат клубы жұмыс істейді. Спартакиада «Белая ладья» клубының базасында «Достық үйі» балалар-жастар орталығында ұйымдастырылды. Сайысқа өз командаларын қаланың бес мектебі ұсынды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, дода айтарлықтай күрделі болды. Жас шахматшылар әр партия сайын бар күш-жігерлерін салып ойнады.
- Көптеген қатысушылар бір-бірін жақсы біледі, себебі жарыстарда бірнеше рет кездеседі. Жеңіс жеңіл болған жоқ. Тартыс соңғы турға дейін сақталды. Егер бірінші және екінші орындар туралы ойын барысында айтарлықтай барлығы анық болса, үшінші орынды кім иеленетіні соңғы партияларда ғана шешілді, - деді «Белая ладья» шахмат клубының жетекшісі Николай Герасимов.
Бірінші орынды № 1 мектеп-лицейінің командасы иеленді. Оның құрамында Владислав Карагуц, Тимофей Черепанов, Андрей Коржов, София Дубинюк және Алина Стрекалова болды. Екінші орынды Руслан Абдрахманов, Кирилл Кондратков, Роман Кондратков, София Осыко және Яна Ташевадан құралған № 6 жалпы білім беру мектебінің құрамасы жеңіп алды. Үшінші орын № 17 мектеп-лицейінің командасына бұйырды. Бұл топтың құрамында Иван Данилов, Михаил Прилуцкий, Данил Кибиц, Гаухар Мәжитова, Виктория Бугайчук болды.
Жеңімпаздарға сыйлықты қалалық спорт бөлімі табыс етті.
 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 387.14
  • Евро 428.18
  • Рубль 6.06

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com