Новости области

Қарағанды облысында бес мың адам бизнес негіздерін меңгеру бойынша оқудан өтеді

Биылғы жылдың соңына дейін Қарағанды облысында бес мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы Меруерт Қасымова мәлімдеді

Оқыту екі бағдарлама бойынша өтеді: «Бастау Бизнес» және «Жас кәсіпкер». Бірінші бағыт бойынша барлық ниет білдірушілер 17 жастан бастап, екінші бағыт бойынша 18-29 жас аралығында курстардан өте алады.
Студенттермен жеке тұлғалық өсу бойынша бизнес-тренерлер жұмыс істейді. Олардың барлығы оқытуды жүргізбес бұрын арнайы оқудан өткен.
Жоспарға сай биыл өңірде екі бағыт бойынша бес мың адам оқытылуы тиіс. Оның ішінде «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 2634 адам курстан өтті, оның 2197-і өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының жанындағы аудандық комиссия алдында бинес-жобаларды қорғаған.
822 тыңдаушы 1,9 млрд. теңге сомасына шағын несиелер мен гранттар алды.
«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша облыста 1350 адам оқу курстарын өтті. 790 жас кәсіпкер гранттар мен шағын несиелерге ие болды.
- Бұрын біз ауыл тұрғындарын және моноқалаларда өмір сүретіндерді оқытдық. Бірақ өткен жылдары біз Теміртауда, тіпті Саран қаласында да дәріс оқыған кезде, ол оқуларға Қарағандыдан көптеген адамдар келіп отырды. Осы қажеттілікке байланысты біз облыс орталығында да курстар ашуды шештік. Оларға сұраныс өте үлкен. Егер біз әдетте 70 адамға дейін бір топ жинайтын болсақ, қазір екі параллельді топ бар, ал жалпы оқушылар саны – 130. Көптеген адамдар келесі жылға жазылады. Қазірдің өзінде 60 орын брондалып қойды. Көптеген адамдар грант алу үшін емес, жаңа және пайдалы нәрселерді білу үшін білім алғысы келеді, - дейді Меруерт Қасымова.
Курс тыңдаушылары арасында ең танымал бизнес салалары – мал шаруашылығы және қызмет көрсету саласы болып табылады.
Брифинг барысында курс түлегі Аяжан Мақан өз мысалын айтты. Ол – екі баланың анасы. Өз бизнесін бастауды ол бала күтіміне байланысты демалыс кезінде ойланған. Курс аяқталғаннан кейін Аяжан бизнес-жоспар құрып, жобасын қорғап, грант ала алды. Бұл қаражатқа ол құрал-жабдықтарды сатып алып, өзінің сұлулық салонын ашты. Қазір онда төрт адам жұмыс істейді. Болашақта кәсіпкер жеке бренд құрып, салондар желісін ашуға үміттенеді.
 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 384.97
  • Евро 427.12
  • Рубль 6.04

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com