Новости области

Қарағанды облысы өнеркәсіпте цифрлық жобаларды іске асыру бойынша көшбасшы деп танылды

Қарағандылық өнеркәсіптік кәсіпорындардың сандық технологияларды енгізу тәжірибесі сенаторларды қызықтырды. Облысқа "Өңір" Сенат тобы келді. Депутаттар өндірісті жаңғыртып, өнеркәсіптік роботтарды сатып алып, процестерді автоматтандырған зауыттарда болып қайтты.
Қарағанды облысының әкімдігінде сенаторлар көшпелі кеңес өткізіп, онда өнеркәсіптің цифрлық рельске көшу мәселелері мен сұрақтарын талқылады. Отырысқа аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов қатысты.
- Біз үшін бұл мәселе өте маңызды. Өнеркәсіп үлесіне облыс экономикасының 50%-дан астамы келеді. Кәсіпорындардың басым бөлігі экспортқа бағытталған. Ертең ұтылмау үшін біз сандық технологияларды жедел енгізуіміз керек. Бізде жақсы мысалдар бар, бірақ жүйелік проблемалар да жоқ емес. Біз ашық диалогта осы мәселелерді талқылауға дайынбыз, - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Депутаттардың айтуынша, олар цифрландырудың дамуына не кедергі келтіретінін және қандай заңнамалық өзгерістер талап етілетінін білгісі келеді.
- Мемлекет басшысы мен Елбасы экономиканы одан әрі цифрландыру міндетін қойды. Онсыз кәсіпорындар мен елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мүмкін емес, - деп атап өтті "Өңір" депутаттық тобының жетекшісі, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Михаил Бортник. - Біздің міндетіміз - қазірдің өзінде қол жеткізілген жетістіктер және қиындықтардың бар екенін көру. Бүгін қарағандылық кәсіпорындарда көргеніміз Қазақстан цифрландыру ғасырында өз орнын таба алады деген үміт ұялатады. Мысалы, Maker ЖШС бізге барлық технологиялық тізбекті көрсетті. Цифрлық қондырғыны немесе роботталған машинаны сатып алу - бір мәселе, ал басынан бастап соңына дейін технологияны дұрыс құру - одан да күрделі басқа бір мәселе.
Аблайхан Оспанов "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы әңгімеледі.
Қарағанды облысы цифрлық жобаларды жүзеге асырудағы көшбасшылардың бірі болып табылады, деп отырысты қатысушылар мойындады.
- Қарағанды облысында 3.0 индустриясына сәйкес келетін және 4.0 индустрияға өтуге барынша дайын жоғары автоматтандырылған өндірістер бар. 10 кәсіпорында 33 жобаны іске асыру жоспарланған. Инвестицияның жалпы сомасы 160 млрд теңгені құрайды, - деді Аманияз Ержанов.
Облыста пилоттық сандық фермалар іске қосылды. Көмір бассейндерінің шахталарында "қара алтынды" автоматтандырылған түрде есепке алу жүейлері енгізілді. Цифрлық технологиялар маргарин зауытында да белсенді қолданылады.
Білікті кадрлардың жетіспеушілігі әлі де өзекті мәселе болып қалып отыр. Өнеркәсіпшілер сондай-ақ салық жеңілдіктері, несиелерді арзандату түріндегі ынталандыру факторларының қажеттілігі туралы айтады.
Қарағандыда көшпелі отырыс қорытындысы бойынша сенаторлар Үкіметке, орталық және жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін ұсынымдар әзірлейді. 




Вернуться к списку новостей

Ауа райы

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 377.86
  • Евро 418.74
  • Рубль 6.10

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com