Қарағанды облысы, «Ұлытау ауданының әкімдігі» ММ-сі ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беружөнінде конкурс жариялайды.

ЛОТ

Нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық орталыққа дейінгі орташа қашықтық)

Көлемі
гектар
(га)

Жалға беру
мерзімі
жыл

Жер учаскесінің
қысқаша
сипаттамасы
(балл бонитеті)

1

2

3

4

5

6

1

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

Амангелді с/о, Амангелді селосынан батысқа қарай 51 км жерде

90000

10 жылдан 49 жылға дейін

Жайылым-89298,62га
Басқа түрде-701,38 га
Балл бонитет-10

Конкурсқа белгіленген тәртіппен тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі. Конкурсқа ұсынылып отырған жер учаскелерін тиімді және жер заңнамалары талаптарына сәйкес пайдалану міндеттеледі. Конкурсқа қатысуға өтінім құжаттары конкурс өткізу жөніндегі ақпараттық хабарламаның  баспасөз басылымдарында жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Абай көшесі, №22 ғимаратта орналасқан «Ұлытау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де 2017 жылдың 26 маусым күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Өтінім құжаттары салынған конверттерді ашу рәсімі 2017 жылғы 27 қаңтар күні сағат 11-00 де мына мекен-жайда: Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Абай көшесі №27 үйде орналасқан, Ұлытау ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлғаның конкурстық өтінімінде мынадай мәліметтер болуға тиісті: 

  1. осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілген үлгіде конкурсқа қатысуға өтінім (түпнұсқа); конкурсқа қатысуға ниет білдірген қатысушы бір немесе бірнеше жер учаскелеріне конкурстық өтінімін ұсынады; 
  2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 

     3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің қарсаңында салық және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша үш айдан асатын мерзімі өткен берешегінің жоқ немесе бар екендігі туралы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, осы салық органының мөрі басылған тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
      4) қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе жер учаскесін пайдаланудың еркін түрде дайындалған бағдарламасы; 
5) кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс стажы көрсетілген, кем дегенде 2 маманы бар болуы туралы, бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы; 
    6) ауылшаруашылық дақылдарды өндіру үшін қажетті ауылшаруашылық машиналары бар болуы туралы (бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызмет көрсетуді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесі; 
     7) қатысушыға, конкурстық комиссия жеңімпазды анықтағанда ескерілетін, өзі туралы басқа да сенімді ақпараттарды ұсынуға болады.
Конкурсқа байланысты қосымша деректерді Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Абай көшесі №22 «Ұлытау аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен  алуға болады,  байланыс телефоны/факс:  8(71035)21322

Конкурсттық комиссия


Дата cоздания: 25 Мамыр 2017 15:10 Дата редактирования: 25 Мамыр 2017 15:11

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 383.43
  • Евро 429.83
  • Рубль 5.96

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com