Ұлытау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік техникалық инспекторының ауылшаруашылық техникаларын 2019 жылғы техникалық байқаудан өткізу К Е С Т Е С І

Бекітемін                                                                                                                            

Ұлытау ауданының кәсіпкерлік

және ауыл шаруашылығы

бөлімінің басшысы м.а.

________________Г.Ауғанова

«____» ____________ 2019 жыл

 

 

 

Ұлытау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік техникалық инспекторының

ауылшаруашылық техникаларын 2019 жылғы техникалық байқаудан өткізу

К Е С Т Е С І

 

 

 

Аймақтардың

аты

Жыл айлары

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

1

Қаракеңгір

15-16

 

 

 

 

2

Алғабас

19

 

 

 

 

3

Ұлытау

 

 

10-11

 

 

4

Шеңбер

22-23

 

 

 

 

5

Егінді

17-18

 

 

 

 

6

Терісаққан

24-26

 

 

 

 

7

Аманкелді

29-30

 

 

 

 

8

Жезді

 

13

 

 

 

9

Қарсақпай

 

14-15

 

 

 

10

Жанкелді

 

20-22

 

 

 

11

Қоскөл

 

   23-24

 

 

 

12

Ақтас

 

16-17

 

 

 

13

Сарысу

 

27-29

 

 

 

14

Борсеңгір

 

30-31

 

 

 

15

Мибұлақ

 

 

     3-5

 

 

2019 жылға Ұлытау ауданы бойынша Тракторларын және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап - тексеруден өткiзу туралы.

 

«Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап - тексеруден өткізу қағидаларына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың машиналарын жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап - тексеруден өткiзу жүргізіледі.
Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру олардың техникалық жай-күйiн бағалау, олардың санын, тиесілілігін және басқа да тiркеу деректерін нақтылау, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды және жай - күйiне әсер ететін бұзылулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жүргiзiледi.
Жылына бір рет техникалық қарап - тексеруге жеке және заңды тұлғалардың иелігіндегі және жергілікті атқарушы органда «Ұлытау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» Мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік (уақытша) тіркеуде тұрған машиналар жатады.
Шығарылғанына үш жыл толмаған жаңа машиналарды техникалық қарап - тексеруден өткізу тіркеу пункттерінде тіркелгеннен кейін алғашқы үш жыл ішінде бір рет олардың техникалық жай-күйін тексермей жүргізіледі.
Машиналарды техникалық қарап - тексеруді жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке тұлға (не оның оның сенімхат бойынша өкілі):
нысан бойынша өтінішті;
машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);
2) заңды тұлға (не оның оның сенімхат бойынша өкілі):
нысан бойынша өтінішті;
машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);
нысан бойынша машиналарды мемлекеттік техникалық қарап - тексеру актісіне  енгізу үшін машиналар туралы мәліметтер.
Техникалық қарап-тексеруден өткен машиналарға тіркеу құжатына (техниқалық паспортына) «Ақаусыз» деген жазу жазылады, ал техникалық қарап - тексеруден өтпеген машиналарға «Ақаулы» деген жазу жазылады, ол ЖАО инженер-инспекторының қолымен және тіркеу пунктінің мөртабанымен расталады.
Тұрақты есепте тұрған жерiнен басқа өңірлерге 2 айдан астам мерзімге шыққан машиналар, уақытша болған жерінде техникалық қарап-тексеруден өткізуге ұсынылады.
Техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптарды регламенттейтін нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін машиналар техникалық қарап-тексеруден өтпеген болып саналады.
Қосымша ақпарат алу мен машинаны техникалық қарап - тексеруден өткiзу үшін «Ұлытау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне, мына мекен жай бойынша хабарласыңыз:Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Абай көшесі 27, тел/факс 8 (71035) 2-11-21

«Ұлытау ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі


Дата cоздания: 19 Наурыз 2019 10:18 Дата редактирования: 19 Наурыз 2019 10:21

Ауа райы

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 389.75
  • Евро 434.26
  • Рубль 6.12

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com