Бос орындар

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

        Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
        -«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілері тіркелімінің тізімінде  2015 жылы 30 желтоқсандағы № 12639 болып тіркелген.

  Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-G-3

     69956

     94108

«Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» ММ (101500, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы,  Абай көшесі, 27; анықтама үшін телефоны: 8(71035)2-14-51,  электрондық пошта: ulytau.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының  бос орындарына  орналасуға конкурс жариялайды:  

  1. Ұлытау ауданы Терісаққан (1 бірлік, санаты  Е-G-3,  №08-1-1) ,

Сарысу (1 бірлік, санаты  Е-G-3,  №13-1-1) , Жанкелді (1 бірлік, санаты  Е-G-3,  №14-1-1) селолық округі  әкімі аппараттарының бас мамандары:
 Функционалдық міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, аумақтық әділет органдарына уақытында актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу, аудан әкімдігінің отырысына құжаттарды дайындап ұсыну жұмыстарын жүргізеді.  Кент, село тұрғындарына анықтамалар, отбасы, жан, мал есебі туралы бас кітабы бойынша тіркеуді жүргізу, жауапкершілікпен заң талаптарына сай куәландыру жұмыстарын жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі – «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша немесе «білім» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 
 2. Ұлытау ауданы Ақтас кенті  (1 бірлік, Е-G-3, № 03-1-2) ,  Егінді  (1 бірлік, Е-G-3, № 09-1-2), Жанкелді (1 бірлік, санаты  Е-G-3,  №14-1-2), Мибұлақ (1 бірлік, Е-G-3, № 11-1-2) селолық округі әкімі аппараттарының бас  мамандары:   
Функционалдық міндеттері: Барлық жасалатын шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есепшоттарының болуын ұйымдастырады және бақылауын қамтамасыз етеді, орнатылған мерзімде  бухалтерлік есебінің қаржылық жағдайы туралы жедел ақпаратты ұсынады және қаржылық-шаруашылық  іс-әрекетін жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
 Білімі – “экономика және бизнес” мамандықтары бойынша; (Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.
Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Ұлытау ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Вернуться к списку

Ауа райы

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 383.43
  • Евро 429.83
  • Рубль 5.96

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com