Дипломмен ауылға


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қаулысы негізінде  көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит беріледі.           

            Ұлытау ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қаулысы негізінде  бір дүркін көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алуға бюджеттік несие берілуде. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі №753 Қаулысымен өзгерістер енгізілген.

            2012 жылы «Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру» бағдарламасы арқылы 40 маманға 4 млн 530 мың 400 теңге облыстық басқармадан сұралған болатын. Алайда, көтерме жәрдемақы 10 маманға ғана (АЕК 1618 теңгенің х 70 еселенгені = 113260 теңгеден) 1 млн 133,0 мың теңге және мал дәрігерлеріне (ветеринарларға)  8 маманға 906 мың 080 теңге қаржы қаралған.

            Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі аудан әкімдігі, аудандық мәслихаттың депутаттарынан, ауданның атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын  тұрақты түрде жұмыс істейтін комиссия құрылған. Сол комиссия арқылы мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары шешіледі.                                                 2012 жылы мамандардың тұрғын үймен қамтылуы үшін бюджеттік несиелеуге         24 млн   270,0 мың теңге 10 әлеуметтік сала мамандарына, 19 млн 416,0 мың теңге 8 мал дәрігерлеріне қаржы қаралған.  Әр құжаты заңды маман тұрғын үй сатып алуға ( АЕК 1618 х 1500 еселенгені = 2 млн 427 мың теңгеге дейінгі бағаланған сомасы бойынша) бюджеттік несие алады.                                                                                                                                                           Аталған қаржыны бағыттау үшін Ұлытау ауданы әкімдігінің 2012 жылдың                                                                                                                       02 сәуір « Ұлытау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» № 06/01 қаулысы қабылданып, нәтижесінде тиісті жұмыстар атқарылуда, осыған орай ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сала мамандарына ЖАДЫНАМА – ны газет бетіне жариялай отырып, «Ұлытау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ – нің бас қажетті ақпаратты мына байланыс телефондары: 21123,  арқылы алуларыңызға болатындығын хабарлаймыз.

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген білім беру, медицина, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт саласы бойынша бір дүркін берілетін көтерме жәрдемақы  және тұрғын үй сатып алуға  бюджеттік несие алатын үміткер мамандарға                                                    

                                     ЖАДЫНАМА

            Көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй алу үшін бюджеттік несие алуға ауылдық елді мекендерге 2009 жылдан бастап жұмыс істеуге және тұруға  келген әлеуметтік сала маманы, тұрғылықты жері бойынша ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жолығып, өтініш бланкісін толтырып, төмендегі құжаттарды тапсыруы тиіс.

            Өтінішке міндетті түрде келесі құжаттарды қоса тіркеу керек:

1)      жеке куәлігінің көшірмесі;

2)      жаңа жұмыс орны бойынша кадрлық қызметпен бекітілген еңбек кітапшасының  көшірмесі;

3)      азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі (үй кітабының) (қалалы жерден келген үй кітабының көшірмесі немесе сол қалада оқығаны туралы ІІБ-сынан анықтама), белгілі бір ауылдық елді мекенде тұратындығын куәландыратын анықтама;

4)      білімі туралы диплом көшірмесі;

5)      салық төлеушінің тіркеу куәлігінің көшірмесі (РНН);

6)      тіркелген әлеуметтік жеке код туралы куәлігінің көшірмесі (СИК);

7)      тұрғын - үйдің алдын – ала сатып алу – сату туралы келісім шарты;

8)      сатып алынатын үйдің бағалау актісі (Сатып алынатын үйдің бағалау рәсімдері маманның өз есебінен жүргізіледі).

          Тапсырылған құжаттар және Комиссия ұсынысының негізінде, аудан әкімдігі  бір дүркін көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алуы үшін Маманға бюджеттік несие беру туралы ҚАУЛЫ шығарады. Көтерме жәрдемақы мен несие берілмейтін болса, Маманға тиісті жауабы жіберіледі.

            Ескерту.  Ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға қолдау көрсету үшін, 2009 жылдан бастап ауылға тіркеуге тұрған және жұмысқа алынған болуы керек. Көтерме жәрдемақы айлық есептік көрсеткіш 1618 теңгенің 70 еселенгені 113260 теңгеден әр маман Келісім бойынша сол аудандағы жұмыс орнында кемінде            5 жыл уақыт қызмет істеуге міндеттеме қабылдайды. Осы Келісімді бұзған жағдайда алған көтерме жәрдемақы мен бюджеттік несиені толықтай бюджетке қайтарады.            Үй алу үшін берілетін бюджеттік несиенің ең жоғарғы көрсеткіші – 630 айлық есептік көрсеткіш болған. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген білім беру, медицина, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт саласы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту» туралы  18 ақпан 2009 жылғы №183 Қаулысына   01 шілде 2011 жылы №753 Қаулымен өзгерістер енгізіліп, тұрғын үй алу үшін әлеуметтік қолдау бюджеттік кредитінің ең жоғарғы көрсеткіші 1500  айлық есептік көрсеткіш болып өзгерді. Яғни, бұл Қаулы баспасөз бетіне 16 шілде 2011 жылы жарияланған күннен бастап он күннен соң күшіне енді. 2011 жылдың            27 шілдесінен бастап  тұрғын үй сатып алуға өтініш берген мамандарға  (1618 х 1500)  2 427000 теңгеге дейін сатып алатын үйінің нақты бағаланған құны берілуге жатады.                        Бюджеттік несиенің сомасы сатып алынатын үйдің нақты құнын бағалау актісі негізінде анықталады.

            Сатып алынатын үйдің бағасы бюджеттік несие заңда көрсетілген сомасынан асып кеткен жағдайда, Маман бекітілген бюджеттік несие мен үйдің нақты бағалау актісінде көрсетілген сома айырмасын өз есебінен төлейтіндігіне келісімін береді.

            Маман тұрғын үйді Сатушымен өзара сатып алу – сату келісім – шартына отырады және Әділет басқармасында бұл келісім – шартты өзі тіркетеді.

            Тіркелген келісім–шарттың түпнұсқасы мен сатып алынған үйдің құқық ауыртпалығында тұрмағандығы туралы Әділет басқармасы анықтамасын несие және кепілдік келісім – шарттарын рәсімдеуге Бөлімге өткізеді.

            Ескерту. Егер де Маман жанұялы болса, онда әйелінің немесе күйеуінің (зайым) ипотекалық қарыз алуға және үйді жалға беруге келісімінің нотариуспен куәландырылған өтінішін қосымша тапсыруы қажет. Егер Маман бойдақ болса, жанұялы емес екендігі туралы нотариуспен куәландырылған өтінішін өткізеді.

            Жоғарыда көрсетілген құжаттарды Бөлімге тапсырған соң 3 жұмыс күнінен кейін, Маман «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалына несие және кепілдік келісім – шарттарын рәсімдеу үшін жолығуы  тиіс, сондай – ақ несие алушының сауалнамасын (анкета) толтыруы керек. Оның үстінде, тұрғын – үйдің бағалау актісіне сәйкес соманы аудару үшін, Маман үйді Сатушының жеке бас куәлігін,салық төлеуші куәлігінің көшірмелерін және ағымдағы шот нөмірі көрсетілген банк анықтамасын өткізуі  қажет.

            Аудан әкімдігі несие және кепілдік келісім – шарттарына қол қойғаннан кейін, Маман бұл келісім  - шарттарды өз есебінен Әділет басқармасында тіркейді. Оларды тіркегеннен кейін Маман бұл келісім – шарттарға қол қойған Жақтарды, келісім –шарттардың 1 дана түп нұсқасымен қамтамасыз етеді.

            Несие келісім – шартына қол қойылған күннен бастап, Маман міндетті түрде өз тарапынан несие келісім – шартында көрсетілген тізбеге (графикке) сәйкес, ай сайын төлемдер жүргізіп отыруы керек. Ай сайынғы төлемін кешіктірген жағдайда әр күніне         0,1 пайыз  өсім есептелінетіні ескеріледі.  Сонымен қатар, бұл алынған бюджеттік несиені    (ипотекалық қарызды) мақсатсыз (бағытына жұмсалмаған) жұмсаған жағдайда және алған қарызды үй алуға жұмсамағаны анықталған болса, маманға   25 пайыз айыппұл салынып,         3 күн ішінде жедел түрде қайтаруы талап етіледі.

            Ескерту. Маман несиені  өзінің жалақысынан ұстау әдісі арқылы өтеуіне болады, ол үшін Маман өзі істейтін жұмыс орны бойынша есепшіге ай сайынғы бюдеттік несие төлемін еңбекақысынан ұстап отыруына өтініш білдіруі керек.

 

            Маман Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне келесі жағдайлар орын алған жағдайда міндетті түрде жолығуы керек:

1)      Несие сомасын бөлшектеп алдын- ала өтеуіне байланысты;

2)      Өзіне тиесілі емес жағдайларға байланысты, уақытылы несие сомасын өтей алмауы кезінде;

3)      Тұрғылықты жерін немесе жұмыс орнын өзгерту қажеттілігіне байланысты;

4)      Кепілдікте тұрған мүлікті (тұрғын - үйді) жоғалту тәуекелдігіне байланысты;

 

      Маманның кезекті төлемін орындамаған жағдайда, Бөлім берілген кредиттің толық сомасын қайтаруды талап етуге немесе кепілдіктегі мүлікті (тұрғын - үйді) тәркілеуге толық құқығы бар.


Дата cоздания: 15 Октября 2015 11:43 Дата редактирования: 15 Октября 2015 11:43

Погода

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 364.35
  • Евро 419.95
  • Рубль 5.56

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com