Квалификационные требования

Ұлытау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі
 Бас маман, Е-R-4 санаты  ( № 04-1-2) 1 бірлік

Біліктілік талаптары

Білімі  бойынша

«Ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша (агрономия)

Білім деңгейі, құзыреті, іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

 

 

 

 Міндеттері

Топырақтың өнімділігін, ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыруға бағытталған агротехникалық және ұйымдық-экономикалық ісшараларды әзірлеуді және егізуді ұйымдастырады. Жоғары өнімді сорттарды енгізуге ықпал жасау.  Тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Шаруашылықтарды жоғары репродукциялы аудандандырылған тұқым сорттарымен қамтамасыз етеді. Оларды сақтау, егістік айналымын сақтау, ауылшаруашылығы жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді. Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын, астық, жем-шөп балансының есебін жүргізеді. Аудан бойынша тұқым балансын жасайды.  Тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламасын іске асырады. Өзіндік жоғары сортты  тұқымды өндіру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Сортты егістіктің апробациясын, топырақты бағалауды, лабораториялық сортты сынамалар, тұқым сапасының  экспертизасын жүргізеді.  Аудан аумағында ауылшаруашылығы өндірісінде субсидияны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді және бақылайды. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес егістіктердегі қолданылған тұқымдар санын және сапасының нормативтік заңдылықтарының орындалысын қадағалайды. Электрондық құжат айналымымен жұмыс істеу және күнделікті бақылау. Ұсыныстар енгізіп, құжаттар дайындай білу. Ақпараттық сараптау жұмысының әдіс-тәсілдерін, түрлерін, мониторинг жасауды білу. Қазақстан республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру

 

Ұлытау ауданының  Жезді (№01-1-1), Шеңбер (№06-1-1), Терісаққан (№08-1-1), Сарысу (№13-1-1) селолық округі әкімі аппараттарының Бас мамандары, Е-G- 3 санаты, 4 бірлік

                                                  Біліктілік талаптары

Білімі  бойынша

«Құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша, «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша, «білім» мамандықтары бойынша  

Білім деңгейі, құзыреті, іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша

   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген « Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, № 12639 актісімен нормативтік-құқықтық мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген

 

 

 

Міндеттері

Нормативтік-құқтық актілердің жобаларын әзірлеу, аумақтық әділет органдарына уақытында актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу, аудан әкімдігінің отырысына құжаттарды дайындап ұсыну жұмыстарын жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен аудан әкімінің актілерін жүзеге асыру жұмыстарынқадағалап, жүргізеді. Кент, село тұрғындарына анықтамалар, отбасы, жан, мал есебі туралы бас кітабы бойынша тіркеуді жүргізу, жауапкершілікпен заң талаптарына сай куәландыру жұмыстарын жүргізу. АӘК учаскелік комиссиясының жұмысын үйлестіріп, сонымен қатар балалар, тұрғын үй жәрдемақыларының заң талаптарына сай комиссия құрамы арқылы жұмыс жүргізілуін ұйымдастырып, кент, село әкімін хабардар ету.
Кент, селолық округ бойынша мектеп, мектепке дейінгі тәрбие беретін және әлеуметтік мекемелердің жұмыстарын үйлестіреді. Сайлау жұмыстарына байланысты құжаттар әзірлеу, ақпараттар беріп, ай сайын  аудан әкімі аппаратымен сайлаушылардың тізімі бойынша салыстыру жұмыстарын жүргізіп отыру. Кент,село әкімі аппаратының номенклатуралық іс-қағаздарын жүргізу және сақталуын ұйымдастыру. Кент, село әкіміне келген азаматтарды өтініштері бойынша қабылдау, келіп түскен өтініш-шағымдарды есепке алып тіркеуге жауапты.
Кент, село әкімінің есепті кездесулерінің іс шараларын    ұйымдастырып, көтерілген мәселелердің орындалысын қадағалап, бақылауға алу жұмыстарын жүргізеді.
Бұқаралық спортты насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру. Жергілікті жерлерде спорттық іс – шаралар жүргізу.
Мемлекеттік мекеме және кент, село әкімінің жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруін қамтамасыз ету және кент, селолық әкімнің веб сайтына орналастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты шаралар әзірлеу және шаралардың орындалысына тиісті жұмыстар жүргізу.
Компьютерде Word, Excel программаларымен жұмыс істей білу.

 

Ұлытау ауданының  Ақтас (№03-1-1), Егінді (№09-1-2), Жанкелді (№14-1-2) селолық округі әкімі аппараттарының Бас мамандары, Е-G- 3 санаты, 3 бірлік

                                                  Біліктілік талаптары

Білімі  бойынша

«Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша

Білім деңгейі, құзыреті, іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша

   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген « Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, № 12639 актісімен нормативтік-құқықтық мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген

 

 

 

Міндеттері

  Барлық жасалатын шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есеп есепшоттарының болуын ұйымдастырады және бақылауын қамтамасыз етеді, орнатылған мерзімде бухгалтерлік есебінің қаржылық жағдайы туралы жедел ақпаратты ұсынады және қаржылық –шаруашылық іс әрекетін жүзеге асырады.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәселелерімен айналысады. Бюджеттік қаражаттарды пайдалануына жүйелік бақылауын қамтамасыз етеді. Әкім аппаратын күту бойынша тауарларды, жұмысты және қызметтерді жеткізушілермен келісім-шартты орындалуын жүргізеді. Жалақыны уақытылы есептелуін қамтамасыз етеді. Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар үшін шығыс лимиттері шеңберінде бюджеттік өтінімдерді құрастырады.
Стратегиялық дамыту жоспарын және бюджеттік бағдарламаларды жеке қаржыландыру жоспарын құрастырады. Қызметкерлер саны лимитін сақталуына бақылауды жүргізеді. Бас кітапты жүргізеді. Қаржыландыру жоспарын орындау балансын құрастырады. Активтер есебін жүргізеді. Негізгі қаражаттар және тауар-материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді. Негізгі активтердің түгендеуін жүргізеді. Инвентаризациялық  жұмыстар жүргізу.     Ұсыныстар енгізіп, құжаттар  дайындай білу, Ақпараттық сараптау жұмысының әдіс-тәсілдерін, түрлерін, мониторинг жасауды  білу.     
Компьютерде Word, Excel, МТ-102, зейнетақы, әлеуметтік төлемдер, е-ТАХ-ҒNO салық жөнінде,  1-С бухгалтерия, мемлекеттік ақпараттық система «казначейство-клеиент», мемлекеттік сатып алу веб-порталы, «электрондық құжат айналым» бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

 

 

Ұлытау ауданының  Ақтас кенті (№ 03-1-3), Аманкелді (№05-1-3), Шеңбер (№06-1-3), Егінді (№09-1-3), Алғабас (№10-1-3), Борсеңгір (№12-1-3), Сарысу(№13-1-3) селолық округі әкімі аппараттарының
Жетекші мамандары, Е-G- 4 санаты, 7 бірлік

                                                  Біліктілік талаптары

Білімі  бойынша

«Құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша, «білім» мамандықтары бойынша

Білім деңгейі, құзыреті, іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша

   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген « Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, № 12639 актісімен нормативтік-құқықтық мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген

 

 

 

Міндеттері

    Кент, село әкімінің өткізетін жиналыстарын үйлестіру, техникалық дайындау жүргізу.Кент, село әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша стандарттарға сәйкес жұмыс істелуін жүргізу. Аталған стандарттар мекемелердің стенділеріне ілініп тұру жұмыстарын ұйымдастыру, Мемлекеттік қызмет көрсету журналы және қызмет көрсету карточкаларының болуын, сонымен қатар жеке қосалқы шаруашылық кітабы бойынша электрондық тізбесін тұрақты толтырып отыру жұмыстарын жүргізеді.
«Құрметті азамат» атағы берілетін үміткерлердің құжаттарын жинақтап, әкімдік отырысына ұсыну. Мемлекеттік награда, облыс, аудан әкімінің грамоталарына марапаттауға ұсынуға құжаттар жинақтап аудан әкімдігіне ұсыныс дайындау. Көп балалы аналардың құжаттарын  жинақтап, марапаттауға ұсыну. Мемлекеттік награда, облыс, аудан әкімінің грамоталарымен марапатталған азаматтардың есебін жүргізу.
Кент, село әкімі аппаратына келіп түскен құжаттарды, хат- хабарларды рәсімдеу, тіркеу, қарауғу ұсыну, қызмет бабында пайдалану үшін белгісі бар құжаттармен жұмыс істеу. Жоғары органдардан, жергілікті жерлерден келіп түскен тиісті құжаттарды бақылауға , есепке алып орындалуын бақылауға міндетті.
Бұқаралық спортты дамытуға жұмыс жасап жәнесалауатты өмір салтын насихаттауға жұмыс үйлестіреді. Ардагерлер кеңесі,әйелдер кеңесі, көше, ата-аналар комитететтері және басқа да қоғамдық үйымдармен байланыс жасап, оладың жұмысын үйлестіреді.
Жеке қосалқы шаруашылық жөнінде анықтама беру қызметін көрсетеді.
Компьютерде Word, Excel программаларымен жұмыс істей білу;

 

Ұлытау ауданының  Жезді кенті (№01-1-7), Қарсақбай кенті (№02-1-4), Ұлытау (№04-1-7), Аманкелді (№05-1-4), Қаракеңгір (№07-1-4), Сарысу (№13-1-4), Қоскөл ( №15-1-4) селолық округі әкімі аппараттарының
Жетекші мамандары, Е-G- 4 санаты,7 бірлік

                                                  Біліктілік талаптары

Білімі  бойынша

 «Ветеринария» мамандықтары бойынша

Білім деңгейі, құзыреті, іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша                                                                                                                                                                                                                                                                                            

   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген « Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, № 12639 актісімен нормативтік-құқықтық мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген

 

 

 

Міндеттері

Жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, жеткізуді ұйымдастырады. Жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотикалық жағдайды зерделейді. Ветеринариялық есеп және есептілікті жинақтауды, талдауды жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді. Халықтың арасында ветеринариялық мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізеді. Тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында қолданатын ветеринариялық анықтама беру. Қаңғыбас иттермен мысықтарды аулауды және жоюды жүзеге асырады. Мал көмілгілерін (биотермиялық шұқырларды) салу және ветеринария саласында заңнамаға сәйкес күтіп ұстауын қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жөнінде іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жануарлардың бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізу. Жануарларға арналған ветеринариялық паспорт беру. Шаруашылық субьектілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында асыл тұқымды мал шаруашылығының заңнамаларына сақтауына басшылық жасау. Ауыл шаруашылық жануарларын қолдан ұрықтандыру бекеттерінің жұмыстарына басшылық жасау. Ауылшаруашылығы жануарларының өнімдеріне берілетін субьсидия ережелерін түсіндіру. Ауыл шаруашылығы жануарларының өнімдерін дайындау және өткізуге ықпал ету. 
Жануарларға ветеринарлық паспорт, ветеринарлық анықтамалар беру қызметтерін көрсетеді.
Компьютерде Word, Excel программаларымен жұмыс істей білу;

 

Ұлытау ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі
 Бас маман, Е-R-4 санаты  (№ 08-1-3)

Біліктілік талаптары

Білімі  бойынша

«Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру)

Білім деңгейі, құзыреті, іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

 

 

 

 Міндеттері

Тұрғын үй қорын  тиісті пайдалану және сақтау бойынша кондоминиум нысанын басқару органдарының қызметін бақылау және ұйымдастыру. Кондоминимум нысанындарының жалпы мүлігінің техникалық тексерісін өткізу. Кондоминиум нысандарының жалпы мүлігінің күрделі жөндеу жұмыстары бөлек түрлерінің мезгілін және кезекшілігін өткізуін анықтау, тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік қалағалауды қамтамасыз ету, кондоминимум нысандарының жалпы мүлігінің ұстау ережелерін бұзу туралы актілерін жасау.
Кондоминум нысанының ортақ мүлігін күрделі жөндеудің  жекелеген түрлерімен атқарылған жұмысты қабылдап алу комиссиясына қатысу. Азаматтардың өтініштері мен шағымдарын тіркеу және орындалысын қадағалау.
Электрондық құжат айналымымен жұмыс істеу және күнделікті бақылау. Ұсыныстар енгізіп, құжаттар дайындай білу. Ақпараттық сараптау жұмысының әдіс-тәсілдерін, түрлерін, мониторинг жасауды білу. Қазақстан республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру

Ұлытау ауданының  мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі
 Бас маман, Е-R-4 санаты  ( № 05-1-1) 1 бірлік

Біліктілік талаптары

Білімі  бойынша

«Өнер» мамандықтары бойынша (өнертану), «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша ( кітапхана ісі), «білім» мамандықтары бойынша

Білім деңгейі, құзыреті, іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, №12639 актісімен нормативтік- құқықтық мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген

                 

 

 

               Міндеттері

«Жоспарлау, ауданда өтетін негізгі мерекелік ісшараларға талдау жасау, ақпаратты жинақтау және жариялау.  Электрондық құжат айналымымен жұмыс істеу және күнделікті бақылау. Ұсыныстар енгізіп, құжаттар дайындай білу. Ақпараттық сараптау жұмысының әдіс-тәсілдерін, түрлерін, мониторинг жасауды білу

 

Ұлытау ауданының  мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі
 Бас маман, Е-R-4 санаты  ( № 05-1-2) 1 бірлік

Біліктілік талаптары

Білімі  бойынша

«Білім» мамандықтары бойынша (қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті), «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша ( филология)

Білім деңгейі, құзыреті, іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, №12639 актісімен нормативтік- құқықтық мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген

                 

 

 

               Міндеттері

   Мемлекеттік, функционалдық аймақтық бағдарламалардың орындалысын және тілдерді дамытуды қамтамасыз ету. Өз құзырында тіл туралы заңнамаларының орындалысын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және мемлекеттік тіл дамуы барысындағы жұмыстарды ұйымдастыру.
Электрондық құжат айналымымен жұмыс істеу және күнделікті бақылау. Ұсыныстар енгізіп, құжаттар дайындай білу. Ақпараттық сараптау жұмысының әдіс-тәсілдерін, түрлерін, мониторинг жасауды білу. Қазақстан республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

 

Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі
 Бас маман, Е-R-4 санаты  ( № 13-1-1) 1 бірлік

Біліктілік талаптары

Білімі  бойынша

«Білім» мамандықтары бойынша (дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру)

Білім деңгейі, құзыреті, іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша

        Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, №12639 актісімен нормативтік- құқықтық мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген

 

 

 

               Міндеттері

Аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету, бұқаралық , ұлттық спорт түрлерінен, мүгедектер спортынан аудан құрама командаларының дайындығын және олардың облыстық және республикалық спорт жарыстарына қатысуын ұйымдастыру; спорт ұйымдарына әдістемелік және косультациялық көмек көрсету,  дене тәрбиесі және спорт саласындағы саясатты жүзеге асыру міндеттерін атқарады
Электрондық құжат айналымымен жұмыс істеу және күнделікті бақылау. Ұсыныстар енгізіп, құжаттар дайындай білу. Ақпараттық сараптау жұмысының әдіс-тәсілдерін, түрлерін, мониторинг жасауды білу. Қазақстан республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру.

 

Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі
 Бас маман, Е-R-4 санаты  ( № 13-1-2) 1 бірлік

Біліктілік талаптары

Білімі  бойынша

«Білім» мамандықтары бойынша (дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру)

Білім деңгейі, құзыреті, іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

 

 

 

 Міндеттері

Аудан деңгейінде бұқаралық дене шынықтыру – сауықтыру шаралары мен мерекелерді ұйымдастыру және өткізуді ұйымдастыру; аудандағы спорттық- бұқаралық күнтізбелік жоспарларын денешынықтыру және спортты дамытудың бағдарламаларын жасау; конференциялар, семинарлар, тағы басқа оқыту нысандарын және бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру мамандарымен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру және өткізуге қатысу; дене шынықтыру және спорттың дамуы бойынша мәліметтерді талдау және жоғары тұрған органдарға ұсыну; бөлімге келіп түскен  өтініш-хаттарымен жұмысты қадағалау.
Электрондық құжат айналымымен жұмыс істеу және күнделікті бақылау. Ұсыныстар енгізіп, құжаттар дайындай білу. Ақпараттық сараптау жұмысының әдіс-тәсілдерін, түрлерін, мониторинг жасауды білу. Қазақстан республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

 

Ұлытау ауданының ветеринария бөлімі
Бас маман, Е-R-4 санаты  ( № 12-1-1) 1 бірлік


Біліктілік талаптары

Білімі  бойынша

«Ветеринария» мамандықтары бойынша

Білім деңгейі, құзыреті, іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша

        Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, №12639 актісімен нормативтік-құқықтық мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген

 

 

 

Міндеттері

Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын: ішкі сауда объектілерінде; жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда; ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда; экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, бағыттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне; мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді, күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ обьектілердің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық талаптардың сақталуын мемлекеттiкветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру. Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру және ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізу. Жануарларға арналған ветеринариялық паспорт беру. Азаматтардың өтініштері мен шағымдарын тіркеу және орындалысын қадағалау.
Электрондық құжат айналымымен жұмыс істеу және күнделікті бақылау. Ұсыныстар енгізіп, құжаттар дайындай білу. Ақпараттық сараптау жұмысының әдіс-тәсілдерін, түрлерін, мониторинг жасауды білу. Қазақстан республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

Ұлытау ауданының сәулет және қала құрылысы  бөлімі
 Бас маман, Е-R-4 санаты  ( № 11-1-1) 1 бірлік

Біліктілік талаптары

Білімі  бойынша

«Өнер» мамандықтары бойынша (сәулет), «техникалық
ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша ( құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру)

Білім деңгейі, құзыреті, іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша

       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, №12639 актісімен нормативтік- құқықтық мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген

                 

 

 

               Міндеттері

«Мекен-жай регистрі» мемлекеттік ақпараттық жүйені жүргізу. Мемлекеттік қала құрылыс кадастры ААЖ жүргізу. Аудан аймағы мекен-жайларының сәулеттік келбеті мен абаттандыруын жақсарту жөнінде ұсыныс жасау және оны қадағалау. Обьектілерге комиссиямен шығу. Салық комитетіне жарнама туралы ақпаратты және жарнама обьектілерін орнату үшін рұқсат беру құжаттарын әзірлеу. салынған құрылыстарды заңдастыру үшін қолданысқа енгізу актілерін даярлау. Жер учаскелерін алдын ала таңдау және тексеру актілерін дайындау. Жаңа құрылыс салуға, қайта құруға және обьектілердің функционалдық мақсаттарын өзгертуге рұқсат беру құжаттарын дайындау. Электрондық құжат айналымымен жұмыс істеу және күнделікті бақылау. Ұсыныстар енгізіп, құжаттар дайындай білу. Ақпараттық сараптау жұмысының әдіс-тәсілдерін, түрлерін, мониторинг жасауды білу

 

Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бадарламалар бөлімі
Бас маман, Е-R-4 санаты  ( № 03-1-2) 1 бірлік

Біліктілік талаптары

Білімі бойынша

«экономика және бизнес» мамандықтары бойынша

Білім деңгейі,құзыреті,іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

 

 

 

 Міндеттері

    Бөлімнің қаржы жұмыстарын жүргізу. Шығыстар сметасын жасау, кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалармен есеп айырысу. Бөлімнің банк операцияларының есебін жүргізеді. Бөлімнің материалдық-тнхникалық қамтамассыз етілуін қадағалайды, Қаражат жұмсалуына бақылау және қадағалау жүргізеді, мемлекеттік сатып алу жұмысымен айналысады.
Азаматтарды қадағалау тәжірибесінің болуы. Ақпарапттық сараптау жұмысының әдіс-тәсілдерін, түрлерін, мониторинг жасауды білу.

Ұлытау ауданы әкімінің аппараты
Әкім орынбасары ( әлеуметтік сала бойынша)
Е-1 санаты( № 01-2) 1 бірлік

Біліктілік талаптары

Білімі  бойынша

«Әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша
( әлеуметтану, саясаттану), «білім» мамандықтары бойынша, «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша

Білім деңгейі, құзыреті, іс-тәжірибесі және біліктілігі бойынша

Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

 

 

 

               Міндеттері

Аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады, мемлекеттік тапсырысты орындау жөніндегі аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады және жетекшілік жасайтын салаларда бюджеттік қаржыларды мақсатты, тиімді және дер кезінде игеру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Мектепке дейінгі, жалпы орта, ортадан кейінгі техникалық және жоғары кәсіптік білім беру, мектептен тыс тәрбие, денсаулық сақтау, мұрағат ісі, мәдениет пен өнер, жастар саясаты, туризмді дамыту, дене тәрбиесі және спорт,  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тілдерді дамыту салаларындағы мемлекеттік  және мемлекеттік емес секторлардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.
Қоғамдық-саяси және діни бірлестіктердің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени, табиғи музей қорығының, Жезді тау-кен өндірісі музейінің қызметін үйлестіреді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының, әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат, кәмелетке толмағандар істері, ономастика, мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру, тұрғындардың денсаулығын қорғау, ҰБТ өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыруға ықпал ету, наградалар, мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу жөніндегі, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі, ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша аудандық штаб,  індетке қарсы төтенше аудандық  комиссиялардың  үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік және бірлесе әрекет ету, бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері, қылмыстық жазалау және басқа да қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне ықпал ету, сол сияқты қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және басқа көмектерді ұйымдастыру жөніндегі кеңестердің мәселелерін шешеді.
Құқық қорғау, күштік органдардың жұмысын үйлестіруді іске асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бағдарламаларының жұмысын үйлестіруді іске асырады.
Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, құқықтық жаппай оқу, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды үйлестіреді.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет,ішкі саясат, туризм, дене тәрибесі және спорт, тілдерді дамыту, мұрағат ісі салаларындағы аудандық бағадарламаларды іске асыруға жауапты болып табылады.
Аудан аумағындағы елді мекендер мен жер атауларын «Мекенжай регистрі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне толтыру және маңыздандыру қызметін үйлестіреді.
«Жұмыспен қамту-2020», тұрғын халықты әлеуметтік қорғау және мүгедектерді оңалту, селолық аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға жауап береді, олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
Еңбекпен қамту 2020 бағдарламасы, оралмандар мәселелері, мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесіне, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі жұмыс тобына басшылықты жүзеге асырады.
Жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдердің барлық түрлерінің уақытында және толық төленуін қамтамасыз етеді.
Жеке адамдарды қабылдау тәжірибесінің болуы. Ақпараттық сарапт
Дата cоздания: 09 Августа 2016 17:09 Дата редактирования: 10 Августа 2016 10:40

Погода

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 370.55
  • Евро 421.76
  • Рубль 5.57

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com