2015 жылға субсидия ережелері жөнінде хабарландыру

Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес

 «Ұлытау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидия алуға өтінімдерді қабылдауды басталуы туралы хабарлайды.

Субсидиялауға жататын бағыттар:

1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

ірі қара мал мен қойлардың аналық мал басы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу;

асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу;

асыл тұқымды қой, жылқы, шошқа, түйе, марал сатып алу;

ата-тектік, ата-енелік нысандарды ұстайтын отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан етті және жұмыртқа бағытындағы асыл тұқымды тәуліктік балапандарды, сондай-ақ асыл тұқымды жұмыртқаны сатып алу;

жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған, жалпы табында өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу;

жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеу;

2) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға:

бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу;

сиыр етiн, жылқы етiн, қой етiн, түйе етін, шошқа етiн, бройлерлiк құс етi және күрке тауық етiн (бұдан әрi – құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi – тағамдық жұмыртқа), сүт, қымыз, шұбатты, биязы жүнді қойлардың жүнiн (бұдан әрi – биязы жүн) өндiру үшiн пайдаланылатын малдар мен құстарға арналған азықтың құнын арзандату.

Тауар өндірушілер тиісті негіздердің туындауына қарай осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын нақты көлемдерге субсидиялар алуға өтінімдерді бөлімге банк шотының нөмірін көрсете отырып, оның болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын қоса ұсынады.

Тұқымдық түрлендірілген ірі қара мал мен қойдың аналық мал басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізуге субсидия алу үшін, тауар өндірушілер кейін қағазға шығарып, қол қойып және бөлімге беріп, АТЖ арқылы субсидия алуға өтінімді қалыптастырады.

Тауар өндірушілер субсидиялау бағыттарына сәйкес субсидиялар алу үшін өтінімге қосымша төмендегі құжаттарды қоса береді:

4) асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу; малдарды сатып алу – өткізу/лизингілеу шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;

малдарды сатып алу – өткізу шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері;

осы Ережелерге 5 қосымшаға сәйкес, жануарларды кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

тауар өндірушіден карантиннен алу туралы актісінің түпнұсқасы және көшірмесі (шетелден асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алған жағдайда);

сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды пайдалану туралы келісім;

банктік шот бар туралы, оның нөмірін көрсетумен анықтама;

5) асыл тұқымды қойларды, жылқыларды, түйелерді, шошқаларды және маралдарды сатып алған жағдайда:

асыл тұқымды жануарларды сатып алу-сату/лизингілеу туралы шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;

асыл тұқымды малдарды сатып алу-сату шарты бойынша толық төлем жасауды растайтын төлем құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері;

асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық куәлігінің (сертификатының) түпнұсқасы мен көшірмесі;

жануарларды кіріске алу актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

сатып алынған асыл тұқымды жануарларды пайдалану туралы келісім;

банктік шот бар туралы, оның нөмірін көрсетумен анықтама;

5) жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан құралған, жалпы табында өз төлінен өсіріп-өндіруге арналған етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды ұстап-бағу:

жеке қосалқы шаруашылықтардың мал басынан қалыптастырылған жалпы табында етті бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану жөніндегі елді мекен тұрғындары жиналысының шешімі;

осы жалпы табындағы тұқымсыз бұқаларды кестіру туралы ауылдық округке бекітілген ветеринариялық дәрігердің анықтамасы;

банктік шот бар туралы, оның нөмірін көрсетумен анықтама;

8) жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды жеткізушіге 100 %-ға дейін өтеу:

жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;

жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасы;

ұрықтандырылған ірі қара малдың аналық басына ұрықтандыру актісінің және тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелері;

отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарын есепке алмағанда) ұрықты сатып алуға шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі;

банктік шот бар туралы, оның нөмірін көрсетумен анықтама;

9) бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізу:

бұқашықтарды бордақылау алаңдарынан сатып алу-сату шартының түпнұсқасы және көшірмесі;

бұқашықтарды бордақылау алаңдарына қабылдап алу-беру актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

банктік шот бар туралы, оның нөмірін көрсетумен анықтама;

10) сиыр етiн, жылқы етiн, қой етiн, түйе етін, шошқа етiн, құс етiн, сүт, қымыз, шұбатты, биязы жүнді өндiрудің құнын арзандату:

өнімді өткізуді және сатып алушының өнімді толық төлегенін растайтын жаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;

тауар өндірушіге тиесілі емес кәсіпорынның қызметін пайдаланғанда малды сою және алғашқы өңдеу бойынша көрсетілген қызметтерді растайтын құжаттардың (шарт, шот-фактура, төлем құжаттары) түпнұсқалары мен көшірмелері;

өнімді өткізуге тауар-көліктік жүкқұжаттардың тізілімі, өнімді жеке өндеу кәсіпорындарына немесе цехтарына өткізген жағдайда жүкқұжаттардың көшірмелері;

шаруашылықты жүргізу кітабының немесе 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзіндісі, АЖБ үзіндісі;

ірі қара малды бордақылау бойынша қызметтерді сатып алғанда, қосымша ұсынылады:

ірі қара малды бордақылау бойынша жеке және заңды тұлғаларға көрсетілген қызметтерді растайтын (бірінші және екінші деңгейлі бордақылайтын алаңдардан мал бордақылау қызметтерін сатып алу шарты, көрсетілген қызметтер актісі, мал бордақылау қызметтерінің толық төлегенін растайтын құжаттар) құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;

жеке және заңды тұлғалар мал бордақылау бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырған бордақылау алаңдарының осы қағидаларға 3- қосымшада көрсетілген қлшемдер мен талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

12) ірі, шырынды және құрама жемшөппен жемшөп қоспарларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату:

шаруашылықты жүргізу кітабынан немесе ауыл шаруашылығы мал басының бары туралы 24-ауыл шаруашылығы нысаны есебінен үзінді;

осы қағидаларға 9- қосымшаға сәйкес нысан бойынша ірі, шырынды және құрама жемшөппен жемшөп қоспаларын дайындауға шығындардың анықтама-есебі;

жер учаскілерін жемшөптік дақылдарға және (немесе) шабындық жайылымдық алқаптарға бөліп беру туралы актінің түпнұсқасы және көшірмесі және/немесе ірі, шырынды және құрама жемшөппен жемшөп қоспаларын сатып алуға арналған шарт.

17. Тауар өндірушілер субсидия алынатын өтінімде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Ескертпе.

Субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін тауар өндірушілер 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 254 (27875) «Қазахстанская правда» газетінде жарияланған  Ережелерге 2 және 3 қосымшаларына сәйкес өлшемдерге және талаптарына сәйкес болу тиіс.

 

Скачать Приказ


Дата cоздания: 15 Октября 2015 11:43 Дата редактирования: 15 Октября 2015 11:43

Погода

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 371.31
  • Евро 419.32
  • Рубль 5.59

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com