Қыпшақбай Баймағанбетұлы

Еңбек Ері, Ақтас кентіне қарасты Пионер елді мекеніндегі тоғанның негізін салушы Баймағанбетұлы Қыпшақпайдың есімін Пионер ауылына беру туралы мәселе бойынша жиынға Пионер елді мекенінің тұрғындарын шақырамыз.

Аталған мәселе бойынша жиналыс 2014 жылдың 4 қарашасында Ақтас кенттік әкімі аппаратында өтеді.

Пионер ауылы                                                        04 қараша 2014 жыл

 

 

Қатысқандар:   Ауыл әкімі – Е.Наурызбаев

                           Ұлытау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

                           басшысы – М.Еділбаев

                           Ақсақалдар алқасының төрағасы – Р.Есілбаев

                           №5 Пионер негізгі мектебінің директоры – С.Күнтуғанова

                           Ауыл тұрғындары, ауыл жастары – 74 адам

 

 

Күн тәртібінде:

 

1. Ауыл әкімі Е.Наурызбаевтың Баймағанбетұлы Қыпшақбайдың Пионер ауылына тоған салып, ауылдың құрылуына сіңірген зор еңбегі туралы ақпараты.

 

ТЫҢДАЛДЫ:

 

І. Күн тәртібіндегі бойынша ауыл әкімі Е.Наурызбаев Баймағанбетұлы Қыпшақбайдың өмірбаяны мен атқарған қызметтері туралы ақпарат берді. Осы өңірге танымал азаматтардың Баймағанбетұлы Қыпшақбай туралы газетке жазған еңбектерімен таныстырды.

 

   Ауыл тұрғыны, зейнеткер Жакупов Кәмен және ақсақалдар алқасының төрағасы, ауыл тұрғыны, зейнеткер Есілбаев Рашидтің Пионер ауылының тумасы Баймағанбетұлы Қыпшақбайдың ауылға сіңірген еңбегі туралы баяндама жасады.

 

1. Тлеубаев Алпысбай – зейнеткер. Ауылдың атауын «Баймағанбетұлы Қыпшақбай» деп өзгерту дұрыстығын және ол кісінің бұл ауылға ғана емес осы төңіректегі елге тоғандар салып, елде ашаршылықтың алдын алуда еңбегі өте зор екенін айтты.

2. Қыпшақбаев Олжабай – ауыл тұрғыны, зейнеткер. Ауылдың атауын өзгерту 2010 жылдан бастап қолға алынғанын және «Қазақстан Республикасының ономастика туралы заңына» өзгертулер мен толықтырулар еңгізілуіне байланысты тоқтап қалғаны туралы айтып өтті. Ауылдың атауын «Баймағанбетұлы Қыпшақбай» деп өзгертуді барлық ауыл тұрғындары қолдайтынын және марқұм, мұғалім Наурызбаев Ерғазы, соғыс ардагері, марқұм, Мұханбедия Искендировтер бастаған іс, ауылдың атын өзгерту туралы жалғасын тапса екен деп пікірін айтты.

3. Баязиев Қуанышбек – ауыл тұрғыны. Ауылдың атауын өзгертуге еш қарсылығы жоқ екенін және ауылға еңбегі сіңген атамыздың атын беру дұрыс деп санайтынын айтты.

4. Бектепбергенов Бейсен – ауыл тұрғыны, зейнеткер. Ақсақалдар алқасының мүшесі. Ауылдың атауын  «Баймағанбетұлы Қыпшақбай» деп өзгертілуі дұрыс шешім деп, бірауыздан қолдайтынын айтты.

5. Қыпшақбаева Алтынкүл – ауыл тұрғыны, кітапханашы. Атамыз Баймағанбетұлы Қыпшақбайдың атауын ауыл атына берген оң шешім екенін айтты.

6. Балғазин Қаныш – шаруа қожалығы жұмыскері. Ауыл тұрғындары бірауыздан келісіп отырғандықтан, ауыл атауы өзгергені дұрыс екенін айтты.

7. Мұрат Еркеназ – ауыл тұрғыны, жастар ұйымының мүшесі. Пионер ауылының атауы ауылға еңбегі зор Баймағанбетұлы Қыпшақбайдың атына өзгерту ауыл жастары үшін де дұрыс шешім деп, ой – пікірін айтты.

8. Бекмағанбетов Ғабиден – ауыл тұрғыны. Ауыл ақсақалдары, ауыл тұрғындары, ауыл жастары бір ауыздан шешімге келіп, Пионер ауылының «Қыпшақбай» деп қайта аталуына келісім беретінін айтты.

 

         74 адам барлығы бір дауыстан ауылдың атауын «Қыпшақбай» деп өзгертуді қолдады.

 

Қаулы:

 

Пионер ауылының атауы «Қыпшақбай» деп өзгертілсін.

 

         Жиналыс төрағасы:                                                  Е.Наурызбаев

 

         Орынбасары:                                                         Н.Искендиров

 

         Хатшысы:                                                               А.Қыпшақбаева

 

         Мүшелері:                                                              А.Алтаева

 

                                                                                            Б.Нұрғалиев

 

 

 

Баймағанбетов Қыпшақбайдың

ӨМІРБАЯНЫ


Баймағанбетұлы Қыпшақбай 1884 жылы Байқоңыр өзенінің бойында туған. Өмірі сол өзеннің бойында кедей – шаруа отбасында өткен. Жасынан егін шаруашылығымен айналысқан.

1916 жылдардағы арпалыс замандарда Байқоңыр өзенінің бойындағы ақсақалдармен ақылдасып, сайларға таспа, тоғандар салып, егіншілікпен айналысуға сол төңіректегі еңбекке жарайтын азаматтарды отбасыларымен ұйымдастырған.

Қыпшақбай ақсақалдың бір ұлы, бір қызы болған. Ұлы Мақсұт, Ұлы Отан соғысына кетіп, соғыста қайтыс болып, еліне оралмады. Қызы Базынауша (Бәкеш) қазіргі уақытта балаларымен немерелері арасында Сәтпаев қаласында тұрады.

1929 – 1930 жылдардан бастап Жеттоқ - Сарысай деп аталатын сайлардың бойын бөгеп шағын тоған салған.

1936 – 1937 жылдары Байқоңыр өзенінің бойындағы шаруа отбасылардың барлығын жинап, Аққоян - Сарысаян бойынан үлкен тоған салу туралы кеңесіп, осы қауымдағы кәрі – жас, ер – әйел демей еңбекке жарайтындарды жұмылдырып, үлкен құрылыс бастаған. Сол тоғанның пайдасын қазіргі Пионер ауылының және сол маңайдағы елді мекеннің адамдары көруде. «Байқоңыр» колхозы болып тұрғанда Қарсақпай зауытының тұңғыш директоры Иван Васильевич Деев, Қыпшақбайдың асқан диқаншылық кәсібін бүкіл аудан  еңбеккерлері арасында таратуға тырысты. Қыпшақбай ақсақалдың ақыл кеңесі арқасында және сол кісінің өзінің араласуымен Аққоян, Сарысай, Қарасу, Қарамола, Қуамбай атты үлкен тоғандар салынды. «Оқымаған су маманы» деген атаққа ие болады.

Қыпшақбай ақсақалдың жемісті еңбекке халықты ұйымдастыра білуінің арқасында астық молшылығына бөлене бастады. Осындай еңбектін нәтижесін кешегі 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде бидайдың 4-5 түрлерін жинап (ақ, аққарабас, егін, қобаң) ауданымызға партияның басшылығымен тонналаған бидай сорттарын жөнелтіп отырды.

Сол уақыттағы техника – механизмдердің жоқтығына қарамастан халықты осындай қол еңбегіне ұйымдастырудың арқасында көп халықтың мақтауына еге болып келеді. Мемлекетіміз де ол кісінің еңбегін жоғары бағалаған. Ол кісі Москвада бірінші ашылған халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне (ВДНХ) қатысқан. Онда медаль мен мақтау қағазына ие болған. Ол бұдан кейін де бірнеше рет облыстық, республикалық слеттерге де қатысып талай сыйлықтар алып қайтқан.

Қыпшақбай Баймағанбетұлы 1972  жылы 80-нен асқан жасында қайтыс болған. Пионер ауылында жерленген.

 


Дата cоздания: 15 Октября 2015 11:43 Дата редактирования: 15 Октября 2015 11:43

Погода

?>> −19° в Улытау
Влажность 67%,
Ветер 3 м/с,
Давление 715

Курс валют

  • Доллар 370.55
  • Евро 421.76
  • Рубль 5.57

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com