ГУ «Отдел занятости и социальных программ Улытауского района»

 

 

Abilova-Ajna-Bejsalyқyzy

Абилова Айна Бейсалықызы

Ұлытау ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің басшысы

Абилова Айна Бейсалықызы - 1976 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары. 1999 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін экономика және тау-кен инженері мамандығы бойынша оқып шыққан.

Еңбек жолы 1997 жылдан басталды. 1997-2000 жылдары аралығында Ұлытау аудандық ішкі істер бөлімінің машинисткасы, 2001-2006 жылдары аудандық қаржы бөлімінде, аудандық кәсіпкерлік бөлімінде  қызмет атқарған. 2009 жылдан бастап Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығының орынбасары, сектор меңгерушісі қызметінде еңбек еткен. 2015 жылдың наурыз айынан бастап «Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарып келеді. Тұрмыста, бес бала тәрбиелеп отыр.

Қызметтік міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдары мен қаулыларын, аудан әкімінің нормативтік-құқықтық актілерін, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау.
  • Бөлімге жалпы басшылық, ұйымдастыру және бөлімнің ішкі еңбек  тәртібін, ішкі қызметтік тәртіпті бақылау.
  • Мемлекеттік қызмет, халықты әлеуметтік қорғау туралы, жұмыспен қамту және сыбайлас жемқорлықпен күрес заңдылықтарының орындалуына  бақылау жасау.
  • Бөлімдегі мемлекеттік  қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіріп отыруға ықпал жасау, кадрмен қамтамасыз ету;
  • ҚР заң актілерінің ережелеріне, заңдылықтарына түсінік жұмыстарын жүргізіп, насихаттау, құқықтық оқулар ұйымдастыру;
  • Бөлімнің қысқа, орта және ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық перспективаларына ұсыныстар әзірлеп, бекіту;
  • Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша уәкілетті органдарымен, аудан әкімі аппаратымен, аудандық мәслихатпен бірлесіп жұмыс атқару;
  • Қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалау;
  • Бөлімнің құзыреттігіне кіретін сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау.

Ардагерлер мен мүгедектер жұмыс жасау маманы

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге, мүгедектерге, мүгедек-балаларға, аз қамтылғандар және басқа да санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын тағайындаушы маманы

Отбасының орташа кірісі кедейлік шегінен төмендерге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және отбасының орташа кірісі азық-түлік себетінен төмен 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындайды.

Тұрғын үй көмегін тағайындаушы маман

Отбасының орташа кірісі белгіленген нормадан артық болса коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарына тұрғын үй көмегін тағайындайды.

Жұмыспен қамту маманы

Жұмысқа орналасуда, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда, аз қамтылған отбасылары, мүгедектер, 21 жасқа дейінгі жастарды, 50 жастан асқан тұлғаларды жұмыс орнына орналастыруға көмек көрсету.
Егер сіз жұмыс іздесеңіз немесе жұмыс орныңызды өзгерткіңіз келсе «Ұлытау ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не хабарласыңыз.

Бұл жерде Сізге:

  • жұмысқа орналасуға;
  • лауазымды бос жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттар;
  • жұмыссыз ретінде тіркеуге алуға;
  • қоғамдық жұмыс ұсынуға;
  • егер мамандығыңыз болмай жұмыс таңдай алмай жүрсеңіз, қайта даярлау және кәсіби біліктілігіңізді арттыруға көмек көрсетеді.

 

 

“Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекеменің мекенжай орны:
101500, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көшесі, 23
Электронды поштаның мекенжайы:   ulytau_sobes@mail.ruЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  
Бөлім телефондары:
8(71035) 2-12-07 сенім телефоны
8-710352-12-12
8-710352-15-06
8710352-13-18

ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ
“Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ-сі басшысының  азаматтарды қабылдау кестесі

А.Ж.Ә Лауазымы Қабылдау күндері Қабылдау уақыты Байланыс телефондары
Абилова Айна Бейсалыновна Бөлім басшысы Сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері 10.00-12.00 8(71035)21136

 

Бөлімнің құрылымы

 

лауазым санаты саны ТАӘ
1 Бөлім басшысы ER-1 1 Абилова Айна Бейсалыновна
2 Сектор меңгерушісі ER-3 1 Даутбаев Ержан Махсутович
3 Бас маман ER-4 1 Нурахметова Сандуғаш Рахимовна
4 Бас маман ER-4 1 Тлеугабулова Эльмира Абикеновна

 

 

«Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сінің атқаратын міндеттері мен өкілеттілігі:

Жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту, қоғамдық жұмыстарға тартуды ұйымдастыру, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын және тұрғын үй көмегін тағайындау, мүгедектер мен басқаларды әлеуметтік оңалтуға көмек көрсету.

 

Бөлім ережесі, жұмыс регламенті

Жұмыс жоспары 2015 жылғы 2 жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары

2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалысының Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2015 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары жөнінде АНЫҚТАМА


Дата cоздания: 15 Октября 2015 11:43 Дата редактирования: 06 Марта 2017 14:07

Погода

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 371.31
  • Евро 419.32
  • Рубль 5.59

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com