Ұлытау ауданының Қоғамдық кеңесінің атқарылған жұмысы туралы анықтамасы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашада «Қоғамдық кеңестер туралы» заң қабылданған болатын. Үстіміздегі жылдан бастап Ұлт жоспары аясында аталған заң өз күшіне енді.
  Аудандық мәслихат хатшысы Т.Сейтжановтың төрағалық етуімен жиын өтіп, онда аудандағы қоғамдық кеңестің құрамы анықталды. Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында оның төрағасы болып аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Әлімбек Жандарбеков сайланды. Хатшылығына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмат Сакипов бекітілді.
       Бүгінгі күнге дейін Қоғамдық кеңестің 6 комиссия отырысы өткізілді. Атап айтсақ:
       2015 жылы ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы аудан әкімінің есебі тындалды. Сонмен қатар ауданның атқарушы және өкілетті органдары қабылдайтын нормативтік-құқықтық құжаттарға сараптама жасау, ауданның 2015-2017 жылға арналған бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Ұлытау ауданының 2014-2015 жылдары салынып басталған күрделі құрылыс жұмыстарының жайы және осы мақсаттарға бөлінген бюджет қаржысының жұмсалуы туралы, Жер Кодексіне байланысты ҚР-ның азаматтарының ұсынысы, пікірлеріне сай жер реформасы туралы құрылған Республикалық комиссияның қараған мәселелері және аудандағы ұйымдастырылып жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралды. Ауданда қоғамдық тәртіптің сақталуы, құқық бұзушылықтың алдын алудағы жергілікті полицияның жұмысы туралы жұмыстарда қоғамдық кеңестің талқылауында болды.
      Алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар: Кеңес мүшелерінің, кент, село әкімдерінің, депутаттардың  қатысуымен   дөңгелек үстел ұйымдастыру, аудандық Қоғамдық кеңестің I жарты жылда атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдау, Коммуналдық шаруашылығы кәсіпорыны мен «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары, жолаушылар тасымалы» ММ-нің тұрғын үй мәселесі, халыққа коммуналдық қызмет көрсетуді жақсартудағы және жөнделуі мен алдағы қысты өткізуге дайындық жұмыстары туралы комиссия отырысын өткізу, «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ-нің атқарған жұмыстары және алдағы уақытта жоспарланған жұмыстары туралы комиссия отырысын өткізу және аудандық Қоғамдық кеңестің 2016 жылы атқарған жұмысы туралы есебін тыңдау жоспарланып отыр.


Ұлытау ауданы
қоғамдық кеңесінің төрағасы                               Ә.Жандарбеков
 


Дата cоздания: 07 Сентября 2016 15:15 Дата редактирования: 07 Сентября 2016 15:15

Погода

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 367.06
  • Евро 416.17
  • Рубль 5.56

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com