Ұлытау ауданы Қоғамдық кеңесінің Е Р Е Ж Е С І

  1.     Жалпы ережелер

  1. Ұлытау ауданы Қоғамдық кеңесінің осы ережесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) Қазақстан Республикасының 2 қараша 2015 жығлы № 383-V, «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының 8 бабының 5 тармағының талабына (бұдан әрі-заң) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1194   «Қоғамдық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» қаулысына сай әзірленді.
  2. Ұлытау ауданының қоғамдық кеңесі консультативтік-кеңесші, байқаушы орган болып табылады. Қоғамдық кеңестің құрамын «Ұлытау ауданы маслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысы жетекшілік жасайтын жұмыс тобы жасақтайды.
  3. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

2. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру

  1. Қоғамдық кеңес Заңмен көзделген тәртіппен қалыптастырылады.

5. Қоғамдық кеңесті жергілікті өкілетті орган құрады, автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы іс-қимыл заңда көрсетілген тәртіппен іске асырылады.

  1. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
  2. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
  3. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
  4. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын жұмыс тобы айқындайды.

10.Қоғамдық кеңестің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың қарауы және уәжді жауаптар беру үшін міндетті болып табылады.

  1. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

  

3. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының
мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі

12. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімдері Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2 қараша 2015 жылғы Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2015 жылғы №1194 Қаулысы негізінде белгіленеді.

  1. Қоғамдық кеңестің және қоғамдық кеңес мүшелерінің мақсаты, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты болып табылады.
  2. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;
2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;
3) осы Ережеде белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге құқығы бар.

  1. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:

1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;
2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;
4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті;
5) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеруге;
6) жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамытуға;
         7) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті.

                                       

  1. Қоғамдық кеңестер қызметінің қағидаттары

 

  1. Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
    1) қоғамдық негіздегі қызметі;
             2) автономдық;

3) дербестік;
         4) жариялылық;
          5) олардың мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау.

  1. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері

 

  1. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар:
    1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе ауылдар мен ауданның даму бағдарламаларының жобаларын талқылау;
             2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе ауылдар мен ауданның даму бағдарламаларының орындалуын талқылау;
             3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;
             4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;
             5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің ауданда жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу.

6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органға жеткізу.
         8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;
9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;
10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.

  1. Осы 16 тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде береді.
  1. Қоғамдық кеңестің қызметің жүзеге асыру.

 

  1. Отырыс қоғамдық кеңестің негізгі жұмыс органы болып табылады. Отырыс қажетілігіне қарай және кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. Қоғамдық кеңес мүшелерінің үштен екісі қатынасқан жағдайда ғана өкілетті болып саналады. Қажетіне қарай отырыстарға мемлекеттік органдардың, ақпарат құралдарының, сарапшылар, мамандар өкілдері шақырылады.
  2. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.
  3. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезекте қоғамдық кеңес төралқасы сайланады.

Төралқасының құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы қатысуымен қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы - маслихат хатшысы, қоғамдық кеңес комиссиясының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.

  1. Қоғамдық кеңестің төралқасы:

1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
         2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;
         3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

  1. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері

Қоғамдық кеңестің төрағасы:
         1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) отырыстарда төрағалық етеді;
         3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
         4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
         5) жергілікті мемлекеттік басқару органының отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;
         6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
         2.Қоғамдық кеңестің хатшысы:
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
         2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

  1. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу тәртібі.

1) Қоғамдық кеңес отырысын қоғамдық кеңес төрағасы ашады және жүргізеді.
2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде тоқсанға, жылға жұмыс жоспары жасалады. Жұмыс жоспарларына отырыстар арасында нақтылану, өзгертулер еңгізілу қажетіне қарай жасалады.
3) Қоғамдық кеңес отырысы барысында жауапты хатшы хаттама жүргізеді.
4) Қоғамдық кеңес отырысының шешімдері, оның мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
5) Шешім қоғамдық кеңес шешімдері көпшілігінің жақтап дауыс беруі негізінде қабылданады.

  1. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді қатысумен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік орган – Ұлытау ауданындық маслихат аппараты мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

 

  1. Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы
  1. Қоғамдық кеңес халықты:

1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері;
         2) Қоғамдық кеңестің құрамы, оның мүшелерін ротациялау;
         3) отырыстардың күн тәртібі;
4) қабылданған шешімдер;
5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабардар етеді.

  1. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) тиісті интернет-ресурстарда орналастырылады.
  1. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату

 

  1. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
  2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не Қоғамдық кеңестер туралы 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағында көзделген өзге де негіздер бойынша Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.
  3. Қоғамдық кеңес шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне осы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік органның шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамына жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.
  1. Қоғамдық бақылау, оны жүзеге асыру

 

  1. Қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметі қоғамдық бақылау деп түсініледі.
  2. Республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметі қоғамдық бақылау объектісі болып табылады.
  3. Қоғамдық кеңестер, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар қоғамдық бақылау субъектісі болып табылады.
  4. 34. Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1)5)және 6) тармақшаларындакөзделген мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамдық маңызы бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мәселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық тыңдау деп түсініледі.
  5. Қоғамдық бақылау:

1) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес қоғамдық бақылау объектісінің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу;
2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің және қоғамдық бақылау субъектілерінің мемлекеттік органның алқалы органдарының отырыстарына қатысуы;
         3) мемлекеттік комиссиялардың құрамына қоғамдық кеңестердің мүшелерін қосу;
         4) азаматтардың жеке немесе ұжымдық өтініштерін беру;
         5) сұрау салулар беру;
         6) Қоғамдық кеңес айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

  1. Қоғамдық және жұмыс нәтижелері туралы есептерді тындауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

  1. 36. 1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады. Қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдауды осы Заңның 1-бабының 5және 6-тармақтарындаайқындалған республикалық немесе жергілікті мемлекеттік басқару органымен келісілген мерзімдерде өткізеді.
  2. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:
    1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;
             2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;
             3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;
             4) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.
  3. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.
  4. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда:

1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;
         2) қатысушылардың саны;
         3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
         4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.

  1. 39. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.
    Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
  2. Егер отырысқа қатысып отырған қатысушылардың жартысынан астамы есеп үшін дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.
  3. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіледі, онда:

 1) есепті тыңдау күні мен орны;
          2) қатысушылардың саны;
          3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
         4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылады.
         43. Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданады, онда:
1) бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау;
         2) есепті тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;
         3) мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.


Дата cоздания: 07 Сентября 2016 15:16 Дата редактирования: 07 Сентября 2016 15:17

Погода

?>> −18° в Улытау
Влажность 66%,
Ветер 4 м/с,
Давление 716

Курс валют

  • Доллар 371.31
  • Евро 419.32
  • Рубль 5.59

Опрос

архив
Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства?
  • akorda.kz
  • strategy2050.kz
  • e.gov.kz
  • karaganda-region.gov.kz
  • http://competitiveness.kz/
  • expo2017astana.com